Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артқы орындықтан алдыңғы терезеге ұшқан: Апаттан соң әнші Сивидің жағдайы қалай

Сиви Махмуди жол апатына ұшырады! Бүгін әлеуметтік желіде желдей ескен дәл осы қауесет қазнетті тікесіне тік тұрғызды. Аталған оқиғаның жай-жапсарын  білу мақсатында Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі әншінің командасына хабарласқан еді.

Артқы орындықтан алдыңғы терезеге ұшқан: Апаттан соң әнші Сивидің жағдайы қалай

Абай Малахов есімді Сивидің көмекшісі ғаламторда тараған ақпаратты растады.

"Ең әуелі Сивидің дәл қазіргі жағдайына келсек, бүгінде ол жеке дәрігердің жіті қадағалауында. Толық жағдайын айта алмаймын. Апат кезінде оң жақ иығы шыққан, қолы сынған және басынан жарақат алған. Жол-көлік оқиғасына 1-ші қыркүйектен 2-ші қыркүйекке қараған түні сағат 1:00 шамасында ұшырадық. Біз ол уақытта жұмыстан үйге қайтып келе жатқанбыз. Аталған апат Әл-Фараби даңғылы мен Ремизовка көшесінің қиылысында орын алды", - дейді Сивидің көмекшісі.

Сивидің директоры, әншінің ауыр жарақат алғанын ашық айтты. Көлікте көмекшісі және өнер иесінің өзі отырған. Жайсыз жаңалық желіге тараған сәтте, Махмудидің хэйтерлері түрлі жағымыз пікірлерді жазып, танымал бикештің ту сыртынан тон пішіп жатқан көрінеді.    

"Алдыңғы терезенің сынығын көріп, қауіпсіздік белдігін неге тақпаған деп, ғаламтор қолданушылары түрлі сыни-сауалдар жолдап жатыр. Негізінде ол кісі көліктің артқы орындығында отырған. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан машина қарсы бетке шығып бізге соқтығысты. Жүргізушісі ішімдік ішкен. Қатты соғылғандықтан Сиви ханым артқы орындықтан алдыңғы терезеге келіп соғылды. Көпшілік дұрыс түсінбей жатыр", - дейді әншінің директоры.

Дәл қазіргі таңда құзырлы органдар жол ережесін бұзған азаматты тергеп жатыр. Ал, Сивидің денсаулығына қатысты өзгерістерді алдағы уақытта әншінің ет-жақындары хабарлайтын болады.

Ескерту! Эксклюзив материалды көшіріп басу үшін редакцияның хат түріндегі рұқсаты қажет! Хат түріндегі рұқсат берілген жағдайда, эксклюзив материалды жарияланған уақытынан 24 сағаттан кейін ғана көшіруге рұқсат беріледі.

Талқылау