“Әртіс адамға күйеуге шық”: Анар Батырхан әке-шешесінің өзіне қандай талап қойғанын айтты
Әнші, актриса Анар Батырханды ата – анасы тек әртіске жар болғанын қалайды. Себебі, шығармашыл адам, арудың өнеріне бөгет қылмайды дейді. Ал әншінің өзі сахнаны жеті айналса да ондай адамды жолықтырмағанын айтады. Оның үстіне Анардың өнер адаммен шаңырақ құруға құлқы жоқ.
Бұл туралы Stan.kz Hit-TV арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Анарға “күйеуге шық” деп нұсқау беріп, сыртынан сөз қылатындар көп. Ал қалың көпшілікті қыран-топан күлкіге қарық қылып жүрген бикеш бұл мәселеге келгенде шарасыз. Себебі қалауындағы азаматты кездестірмеген. Ал Анардың ата-анасы болашақ күйеу балаларының әртістер қатарынан болғанын қалайды.
“Әке-шешемнің талабы: – Қызым, күйеуге шықсаң, өнер адамына шықшы, шығарашылығыңды, өнеріңде түсінетін. Бірақ өз басым өнер адамына тұрмысқа шыққым келмейді. Бәрі “неге?” деп сұрайды. Білмеймін. Кішкентай кезімнен өнер адамдарының жанында жүрмін. Ұнататын жігіт болса, баяғыда ұнататын едім, бірақ әлі кездестірмедім”, – дейді Анар Батырхан.
Жарының салмақты болғанын қалайтын Анар кезінде пысық та, орынсыз мақтаншақ та жігіттермен кездесіп көргенін айтады.
“Жанымда отырып алып, болмайтын әңгіме айтатын. “Мен мектепте атаман болдым ғой, білесің ба?” деген де жігіт болды. Маған мысалы, ондай әңгіменің не қажеті бар? Құттықтаймын, мен не істейін? Мені енді ұрайын деп тұрсың ба?” – дедім. Сондай ақымақ әңгіме айтпайтын болса… Барлығын аңдап басатын, ойланып сөйлейтін ақылды жігіттер ұнайды”, – дейді Анар Батырхан.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

"Омыртқасы сынып, мүгедек болып қалды": Қытайда жүк тасушы компания қазақстандықтың биіктен құлауына себепкер болған
