Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артында 5 баласы қалды: Ақтауда ер адам суға батып бара жатқандарды құтқарып, өзі батып кеткен

Фото: Lada.kz

Ақтау маңында ер адам суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып, өзі батып кетті. Марқұмның артында 5 баласы қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аймақтық Lada басылымының мәліметінше, қайғылы оқиға өткен демалыс күндері Каспий жағалауында болған. Құрық ауылының 39 жастағы тұрғыны Ерлан Шонтабаев Ақтау маңындағы демалыс орындарының бірінде суға батып бара жатқан адамдарды құтқарып жатып көз жұмды. 

Марқұмның туыстарының айтуынша, оқиға күні Ерлан Шонтабаев достарымен бірге теңіз жағасында демалып жатқан. Ішімдік ішпеген. Дәл сол жерде екі қыз және екі жігіттен тұратын басқа бір топ демалып жүрген екен. Шомылу кезінде екі қыз суға бата бастаған. Сол сәтте екі жігіттің бірі қыздарға көмекке ұмтылып, екіншісі айналадағыларды көмекке шақыра бастаған.

"Көмек сұраған дауысты ести салысымен, Ерлан еш ойланбастан суға секірген. Ол қыздарды құтқарып үлгерген, бірақ жігітті алып шығуға барған кезде, жігіт үрейленіп Ерланның аяғынан ұстап алған болуы мүмкін, соның салдарынан екеуі де суға батып кетті", – дейді марқұмның жақындары.


Бейтаныс жігіттерден қорыққан әйел сәл болмағанда Үлкен Алматы өзеніне батып кете жаздады

Алматы облысында фотоға түсемін деп өзенге құлап кеткен баланың денесі екі күннен кейін табылды


Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнына келген кезде теңізде екі ер адамның суға батып кеткені анықталған.

"1986 жылы туған ер адамның денесі жағадан 10 метр қашықтықта табылып, құрлыққа шығарылды. Ал 2001 жылы туған екінші марқұмның денесі сағат 00:05-те су астынан табылып, шығарылды. Ол жағадан 10-15 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдіктен табылды", – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Марқұмның артында жұбайы мен бес баласы қалды, ең кішкентайы небәрі үш айлық қана.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында зейнеткер мен 8 жасар немересі суға батып кеткені туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 30 Шілде, 2025 22:52
Талқылау
`