"Артымыздан қуып, өткір затты шаншыды": Қарағандыда қайыршы балалар мектеп оқушыларына шабуыл жасады
Қарағанды қаласының орталығында қайыршы балалар қауіпті ойын ұйымдастырды. Олар мектеп оқушыларын қоршап алып, белгісіз үшкір заттармен қорқытқан. Бірнеше ана балаларын ЖҚТБ орталығына тексертуге алып келген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

“Сығандар келіп, уақыт сұрай бастады. Олар ине ме, әлде шокер ме, денеме бір затты шанши бастады. Өзіміз де түсінбедік. Олар бізге екінші рет тиісу үшін артымыздан қуалады”, – деді оқушы Арыстан Имажанов.
“Мына жерден бастап тықпалай бастады. Өткір бір зат болды”, – деді мектеп оқушысы Кирилл Леонтьев.
Қорыққан аналар балаларын АИТВ және гепатитке тест тапсыруға алып келді, олар полицияға хабарласпақ.
Ал полиция жағдайға қатысты түсініктеме бермеді. Дәрігерлер де камераға сөйлеуден бас тартты, бірақ олар аналар дұрыс жасады деп жауап берді. Сөздерінше, мұндай ойындар кезінде ЖҚТБ-ны жұқтыру қаупі аз, бірақ гепатитті жұқтыру ықтималдығы өте жоғары. Енді балалар бірнеше рет тест тапсыруы керек.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан