Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Артық салмақтан арылуға көмектесетін таңғы астар аталды

Сертификатталған фитнес жаттықтырушысы Аарон Браун арықтататын таңғы ас нұсқаларын атады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Сарапшы салмағын тастағысы келетіндерге тәбетін сауатты бақылау үшін таңғы асқа тойымды және қанағаттанарлық тамақ ішуге кеңес береді.  Ол артық салмақтан арылу үшін тамаша таңғы астың үш нұсқасын сипаттады.

Бірінші жағдайда ол сүт, құс еті, сиыр еті, ақ балық және теңіз өнімдерін ұсынды.

"Майсыз ақуызға бай тағам аштықты тез басады және артық тамақтануды болдырмайды", - деп түсіндірді Браун.

Пайдалы таңғы астың екінші нұсқасына ақуыз, пайдалы майлар мен талшықтар көп тағамдар кіреді, мысалы, лосось балық түрлері, жұмыртқа, жемістер мен көкөністер. Таңертеңгі тағамның үшінші нұсқасы - авокадо, майлы балық, шпинат, саңырауқұлақтар мен көкөністер қосылған жұмыртқа тағамдары.

Зерттеулерге сілтеме жасай отырып, Браун күнделікті рационның көп бөлігін таңертең жеу аштықты азайтады және салмақ тастауға ықпал етеді деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, таңғы асқа күнделікті калория мөлшерінің 50 пайызын, түскі асқа 30 пайызын, ал қалған мөлшерін кешкі ас кезінде жеуге кеңес беріледі.

"Мұндай схеманы ұстанған экспериментке қатысушылар 12 апта ішінде тоғыз келіге арықтады, ал негізгі тамақтытүскі аста ішкендер 3,5 келіге арықтады", - деді фитнес жаттықтырушысы.

 

 

 

Талқылау