Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер артық салмақтан арылу кейбір адамдарға қауіпті екенін айтты

Арықтаудың көптеген тиімді әдісі бар. Алайда оның бәрі бірдей пайдалы емес. Тіпті кейбірі денсаулыққа айтарлықтай зардабын тигізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AIF порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Бариатр-хирург Бекхан Хациевтің айтуынша, ересек адамдар өз бетінше артық салмақтан арыла алмайды. Мұндайда тек арықтаудың ең тиімді тәсілдері ғана жақсы нәтижеге жеткізеді. Алайда мұндай әдістер адам өміріне қауіпті. 

Хирург семіздіктен құтылудың үш тәсілін айтты:

  • Дәрі-дәрмек;
  • Хирургия;
  • Өмір салтын қалыпқа келтіруге арналған оңалту жаттығулары. 

Дәрігердің айтуынша, бариатриялық ота асқазанды алып тастаған соң бір жыл ішінде айтарлықтай салмақ тастауға көмектеседі. Бірақ мұндай ота кейбір адамдар үшін қауіпті. Кез келген науқас операция алдында салмақ тастау керек. Созылмалы жүрек және асқазан аурулары бар, қатерлі ісіпен ауыратын науқастар, маскүнемдер мен психикалық ауытқулары бар адамдарға бұл әдісті қолдануға тыйым салынған. 

“Бариатриялық операциядан кейін жүрек айнуы, іш қату немесе диарея сынды жанама әсерлер пайда болуы мүмкін. Бірақ содан кейін ас қорыту жолдары жақсарады. Отадан кейін науқас екі-үш апта тек сұйық тамақ ішу керек. Бір ай бойы көкөніс, жеміс-жидек пен ақуыздан тұратын диета ұстаған жөн. Сондай-ақ тағамның құнарлылығы күніне 800 килокалориядан аспау қажет”, – дейді хирург маман. 

Дәрігер отадан кейін салауатты өмір салтына баса назар аудару керегін айтады. Өйткені бұл арықтауға ғана емес, денсаулықты қалыпқа келтіруге де көмектеседі. Науқас тұрақты түрде физикалық жаттығулар бұл оның буындары мен бұлшықеттерінің нығаюына сеп болады.

Талқылау