Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" заңды бұзып, инвестициялық міндеттемелерін орындамайды - Тоқаев

"АрселорМиттал Теміртау" (АМТ) АҚ заңнаманы бұзып, инвестициялық міндеттемелерін орындамайды, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арселор Миттал

"Өндірістік жарақаттар үлкен мәселеге айналды. Биылғы жылдың 11 айында өндіріс орнында 1124 жұмысшы жарақат алып, оның 157-сі қайтыс болды. Жекелеген кәсіпорындарда адам шығынымен болатын жазатайым оқиғалар жүйелі сипатқа ие болып келеді. Біз басқа кәсіпорындармен қатар "АрселорМиттал Теміртау" туралы айтып отырмыз", - деді Тоқаев дүйсенбі күнгі үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, 2006 жылдан бері кәсіпорында 20-дан астам жазатайым оқиға орын алып, 100-ден астам азаматымыздың өмірін қиған.

"Биылдың өзінде 14 адам қайтыс болды, оның ішінде 1 жұмысшы өткен аптада өмірден озды. Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың хабарламаларына сәйкес, компания еңбек, экология және салық заңдарын бұзып, инвестициялық міндеттемелерді орындамайды. Қоғам әділ әрі шұғыл шараларды күтіп отыр. Премьер-министр тікелей бақылауға алуы тиіс", - деді Тоқаев.

Еске салайық, 8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" компаниясында тағы бір жұмысшының қаза тапқаны белгілі болды. Бұл жолы газ қызметкері опат болған.



3 қарашаға қараған түні Шахтинскідегі Ленин атындағы шахтада газ жарылып, салдарынан бес адам қаза тапқан. Осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, АрселорМиттал Теміртау шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, апаттың себептерін анықтау бойынша жедел шаралар қабылдауды, қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына тиісті көмек көрсетуді тапсырды. Қайғылы оқиғаға пікір білдірген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев парламент еңбекті қорғау саласындағы заңнаманы қатаңдатуға дайын екенін айтқан.

23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АрселорМиттал Теміртау компаниясының басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға қызметкер күдікке ілінген.

23 қарашада үкіметтік комиссия жарылысқа АМТ басшылығын кінәлады. Іс бойынша 30-ға жуық күдікті бар. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары AMT компаниясының негізгі инвесторы Лакшми Миттал кінәлі деп тапса, оны жауапкершілікке тартуға құқылы.

29 қарашада Қазақстан билігі үнділік инвесторларға талап қойды.

Талқылау