"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы өрт: Жаңа деректер жарияланды
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясының “Саран” шахтасындағы өртке қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгілі болғандай, өрт кезінде Саран шахтасында 187 адам болған.
Шахтадағы өрт 01:55-те басталған. "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметінің мәліметінше, ол кезде шахтада 187 адам жұмыс істеген, төртеуі кенжарда болған.
"Өрттің шығу себептері анықталуда. Барлық адамдар шахтадан шығарылды, өрт таңғы сағат 04:00-де сөндірілді", - деп хабарлады "АрселорМиттал Теміртау" баспасөз қызметі.
Бұған дейін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының тағы бір шахтасында өрт шыққаны туралы хабарладық. Өрт Саран шахтасында болды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”