Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АрселорМиттал Теміртау шахтасында кеншіні тау-кен үйіндісі басып қалды

АрселорМиттал Теміртау шахтасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде бір жұмысшы тау-кен үйіндісінің астында қалып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  "Вечерняя Караганда" басылымына сілтеме жасап.

Компанияның баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, кенжардың үстіңгі жағынан тау-кен үйіндісі опырылып түскен. Бір кенші жарақат алды.

" УПР-1 учаскесінің жұмысшылары кеншіге алғашқы көмек көрсетті. Одан кейін оны шахтадан жердің бетіне шығарып, жедел жәрдем мамандарына тапсырды. Жарақат алған жұмысшы Мақажанов атындағы клиникаға жатқызылды", - дейді компания мамандары.

Дәрігерлердің айтуынша, ер адамның төс сүйегі сынған.

Талқылау