Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау": Көшеттерге дұрыс күтім жасалды!

Жақында Теміртауды көгалдандыру және жасыл белдеу құру аясында көшет  отырғызудың кезекті науқаны басталады. Жұмыс қалай ұйымдастырылады  және көшеттерге дұрыс күтім жасала ма? Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Гульнара Стамқұлова айтып берді. 

— Гульнара Бейсенқызы, қайырлы күн! Көшет егу бойынша осындай ауқымды жұмыстарды ұйымдастырып отырғандардың бірісіз. Науқанды ұйымдастыру қиынға соқпады ма? 

— Расымен де бұл көп еңбекті қажет ететін және маңызды процесс. Қаланы көгалдандыру және жасыл белдеу құру – жұмысымыздағы кезекті жоба ғана емес, бұл туған қаламыз үшін өмірлік маңызы бар миссияның орындалуы. Біздің компания алдына мақсат қойды, ары қарай барлығы техникаға байланысты. Ең алдымен егілетін жерлерді анықтап, топырақты зерттеп, мүдделі тараптармен егжей-тегжейлі ақылдастық. Бұған қоса сарапшылардан кеңес алып, Теміртауды көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарымен айналысатын мердігерлердің арасынан кәсіби мамандарды таңдадық.

– Осыншама көлемді жұмыстарды қанша уақытта жүзеге асыра алдыңыздар?

– Дайындық жұмыстары 2021 жылдан бері жүріп жатыр. Көктемгі көгалдандыруға дейінгі уақыт топырақтың көшет отырғызуға жарамды екенін, қандай талаптарды сақтау және ағаштардың бейімделіп кетуі қандай материалдарды пайдалану керегін түсіну үшін қажет болды. Учаскелердегі топырақтың орман отырғызуға жарамдылығы тексеріліп, механикалық және химиялық құрамдары анықталып, тек содан кейін  топырақ-климат жағдайымызға сәйкес келетін ағаш-бұта түрлері анықталды.

– Көшеттер отырғызатын орындарды кім бекітті?

– Қала билігі қала ішіндегі аумақтарды анықтса, мегаполис төңірегінде жасыл белдеу құру үшін Қарағанды ​​облысы бойынша табиғи ресурстар басқармасы аумақтарды белгіледі.

– Көшеттер тек ағаш тұқымы деген пікірлер кездеседі. Бұл рас па? Көшеттер қаншалықты биік болып өсуі мүмкін?

– Ағаштар алдымен тұқымнан, содан соң көшет өлшеміне дейін өсіріледі. Көшеттер – 10 сантиметрден кем емес, биіктігі 60 сантиметрден аспайтын 2-3 жастағы жас ағаштар. Көп адамдар біз неліктен жасыл белдеуді құру үшін жетілген ағаштарды отырғызбай, көшеттерді пайдаланып жатқанымыз жайлы жиі сұрайды. Бұл мәселе Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОШАҒЗИ) сарапшыларымен талқыланды,  мамандар жасыл белдеу құрудың жұмыс жобасын әзірледі.

Шешім қабылдағанға дейін тиісті жұмыстар жүргізіліп, далалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша топырақ ауыр механикалық құрамды топқа жатқызылды. "ҚР ормандарды толықтыру және орман өсіру ережесінің" негізінде мұндай аймақтардағы орманды тек көшет отырғызу арқылы өсіруге болады. Топырақтың биоценозын өзгерту мүмкіндігіне ие болу үшін мамандар топырақ құрамын жақсы жаққа түзетуге көмектесетін көшеттерді отырғызуды ұйғарды.

– Ағаш отырғызу алдында аумақ пен топырақ қалай дайындалады?

– Көшеттерді отырғызбас бұрын орындалатын агротехникалық шаралар кешені қарастырылған. Аумақты тегістеу, қоқыстарды тазарту және көшет отырғызу орнын белгілегеннен кейін траншеялар дайындалады. Топырақты ауыстырған кезде ҚазОШАҒЗИ мамандарының ұсыныстары қатаң сақталады. Көшеттер бойынша жасыл белдеу құру үшін аумақтарды дайындауға келетін болсақ, мұнда да белгілі бір сақталуы керек жұмыстар қарастырылған.

– Көшеттер қалай күтіледі?

– Өсімдіктерді күтіп-баптау – көшеттердің тіршілік ету көрсеткіші бойынша негізгі жұмыстардың бірі. 3 жылдан кейін көшет толығымен бекінеді. Сондықтан осы кезеңде "АрселорМиттал Теміртау" тек суарудан ғана емес, сонымен қатар топырақты тыңайту мен қопсытудан, арамшөптерден арылтудан, діңгек шеңберін құрудан, зиянкестерді емдеуден, тәж салудан және басқа да аспектілерден тұратын күтім бойынша міндеттемелерді өз мойнына алды.

– Бұрын отырғызылған көшеттердің жағдайын кім қадағалайды?

– Ай сайын біз комиссиялық негізде бұрын отырғызылған көшеттер бар учаскелерге барамыз, сонымен қатар күтімді түзету немесе қосымша процедураларды жүргізу қажеттілігін анықтаймыз.

– Ал тамыры шықпаған көшеттердің жайы не болады? Оларды ауыстыру мүмкін бе?

– Топыраққа бейімделе алмаған көшеттер міндетті түрде жаңасына ауыстырылады. Өсе алмай қалған ағаштардың үлесі бірінші вегетациялық кезеңнен кейін анықталады.

– Көгалдандыруға қанша қаражат жұмсалды?

– Жұмыс басталғалы бері 700 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сондай-ақ келесі жылдарға белгілі бір бюджет қарастырылады, өйткені көшеттерді отырғызу ғана емес, оларға дұрыс күтім жасау өте маңызды. Осы орайда қала тұрғындарына жүгінгім келеді: Теміртау – біздің ортақ үйіміз! Табиғатты аялайық, ағаштардың қараусыз қалуына жол бермейік. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана металлургтер қаласын көгалдандырамыз!

Талқылау