Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаудың ауасын ластап келген ұйымға 5 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

Соңғы 3 жыл ішінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына ауаны ластағаны үшін 5 млрд теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Бүгін министрдің "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының вице-президентімен кездесуі өтті. Онда маңызды сұрақтар талқыланды. Теміртау қаласы атмосферасының лас екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Мысалы, Қазгидрометтің мәліметінше, соңғы 2 жылда ауа ластануының жоғарылауы 67-ге дейін өсті. Бұл әдеттегіден 10 есеге артық. Қала экологиясының ластану себептерінің бірі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен байланысты. Компания жыл сайын 200 мың тоннадан астам қалдық шығарады. Бұл көрсеткішті адам басына санасақ, қаланың бір тұрғынына 11 тонна қалдықтан келеді. Аталған өнеркәсіпке қатысты 3 жылғы мониторинг нәтижесіне келсек, келіп түскен арыз-шағымдардан соң 19 рет тексеру жұмыстары жүргізіліп, 50 қолжазба берілді. Сол сияқты осы уақыт аралығындағы шығын мен айыппұлдың көлемі 5 млрд теңгеден асып түседі", - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарасты Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфухар Жолдасов елордада өткен баспасөз мәслихатында. 

Айта кетсек, бүгін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев "АрселорМиттал" компаниясының вице-президенті Вижай Гоялмен кездесті. Кездесу барысында тараптар компания өткізетін табиғатты қорғау іс-шараларын, сондай-ақ эмиссиялардың асып кетуі бойынша жақында болған оқиғаны талқылады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр