"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қаза тапқандар саны 36-ға жеткенін хабарлап, олардың отбасынан кешірім сұрады
Қарағанды облысы, Костенко шахтасында қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының мәліметінше, 10 кенші әлі іздестірілуде.
Сондай-ақ компания қаза тапқандардың отбасынан кешірім сұрады.
"Орасан зор қайғыға лайықты жауап беретін сөздерді табу мүмкін емес. Біз қайтыс болғандардың отбасыларына, әріптестері мен қоғамдастықтарына алдағы апталар мен айларда қолдау білдіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз ", - деп жазды компания.
Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында 28 қазан күні сағат 02:33-те жарылыс болып, бастапқыда төрт адамның қаза тапқаны хабарланды.
Кенішке иелік ететін "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы апат кезінде шахтада 252 адам болғанын, 205 кенші жер бетіне шығарылғанын хабарлады.
Кеншілер қазасына байланысты 29 қазан Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.