"АрселорМиттал Теміртау" басшылығы шахталарда газсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді деген ақпаратты теріске шығарды
Қарағанды облысындағы шахталарда газсыздандыру жүйесі талапқа келмейді деген ақапарат 25 жылдан бері айтылып келеді. "АрселорМиттал Теміртау" Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов брифингте бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Stan.kz
“Көмір департаменті газсыздандырудың барлық әдістерін тиімді қолданып келеді. Біз метан газын және неміс өндірісінің қазіргі заманғы вакуумдық-сорғы станцияларын айдау үшін пайдаланамыз. Қазіргі уақытта көмір департаментінің шахталарында 26 вакуумдық-сорғы станциялары жұмыс істейді.
400 шақырымға дейін ұңғымаларды бұрғыладық. Бізде ТМД-дағы газсыздандыру станцияларының ең үлкен паркі бар. Соңғы 20 жылда АҚШ, Австралия, Ресей, Қытай компанияларымен бірлескен жұмыстар жүргізілді. Бұрғылаудың барлық әдістері, газсыздандырудың барлық түрлері біздің шахталарда сыналды. Біз бұл жұмысты бір минутқа да тоқтатпаймыз, – деп хабарлады Қалықов.
"АрселорМиттал Теміртау" бас директоры Биджу Наир биыл өндіріс ошақтарында қауіпсіздікті арттыру мен техникалық жабдықтарды жаңғыртуға 147 миллион доллар қаражат бөлінгенін мәлімдеді. 40 миллионы газсыздандыруға арналған жабдыққа жұмсалған. Оның бір бөлігі қазірдің өзінде пайдалануға берілген.
Биджу Наир жеке жауапкершілікті сезінетінін айтты.
Stan.kz
“Бірінші кезекте, "АрселорМиттал" өндірісінде 166 мың еңбек етеді. 32 мыңы Қазақстанда жұмыс істейді. Жазатайым оқиғалар Еуропада, Үндістанда және Оңтүстік Африкада орын алады. Соңғы оқиға қыркүйек айында Бельгияда болды. Өкінішке қарай, біз коронавирустық инфекциядан кейін жазатайым оқиғалардың көбеюін тіркеп жатырмыз. Мен Қазақстанда болған оқиға үшін өз жауапкершілігімді сезінемін. Бұл жағдайды өзгерту үшін бар күшімізді саламыз”, – деді Наир.
Қайғылы оқиғаға байланысты өткен брифингте атқарушы директор Виджай Гоял мұндай жағдай қайталанбас үшін компания қандай бағытта жұмыс істейтініне тоқталды.
“Бірінші кезекте, Ленин атындағы шахтада жұмыс тоқтады. Екіншіден, кен орнындағы еңбек қауіпсіздік талаптары қайта қаралады. Осының негізінде жұмыс жоспары еңгізіледі. Соңғы жағдайға байланысты тергеу жалғасып жатыр. Істің ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық көмір шахталарының жұмысын тәуелсіз сарапшылар зерттейтінін айта кеткім келеді”, – деп мәлімдеді ол.
Атқарушы вице-президент Виджай Гоялдың айтуынша, кейінгі бір жылда өндірісті жандандыру мен қауіпсіздікті нығайтуға 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйылған. Бұл қаржыға бұрғылау құрылғысы алынады.
Қазір Қарағандыға 5-еуі жеткізілген. Бұдан бөлек, 25 комбайнға тапсырыс берілген. Барлық құрал жабдықтар 2023 жылдың 1-тоқсанына дейін түгел орнатылады, дейді компания басшылары. Ал, апатта қайтыс болған 5 кеншінің отбасы мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі. Марқұмдардың он жылдық жалақысы сақталып, жанұясына пәтер беріледі.
Еске салайық, 3 қарашада "Арселор Митал Теміртау" АҚ тиесілі Ленин шахтасында метан газ жарылып, 5 кенші қайтыс болды. 4 шахтер газға уланды. Апаттың нақты себебін анықтау мақсатында құрылған комиссия, әлі жұмысын жалғастыруда.

"Қазақ жігіттері эмоциясын көрсете алмайды": Бразилиялықпен көңіл жарастырған қазақстандық аруды сүйіктісінің ұлты да, жасы да алаңдатпаған
