Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» активтерінің Ресей компанияларына сатылуы мүмкін бе: Қаржы министрі түсініктеме берді

Қаржы министрлігінің басшысы Ерұлан Жамаубаев "АрселорМиттал Теміртау" активтерінің ресейлік "Северсталь" компаниясының меншігіне сатылуы мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді. Министрдің айтуынша қазір келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

арселормиттал

Жамаубаев бұл мәселемен вице-премьер Роман Скляр айналысып жатқанын алға тартты.

"Мұндай кәсіпорынға белгілі бір адамдар тобы тартылуы керек. Бұл маңызды келіссөздер процесі болуы керек. Сондықтан әркім өз деңгейінде пікір білдіре бергені дұрыс емес", – деді министр үкімет отырысында.

Министр айтылған ескертулердің келіссөздер үдерісіне әсер етуі мүмкін екенін алға тартты.

"Менің ойымша, саяси шешім бар. Сол бойынша жұмыс істейміз", – деп толықтырды Қаржы министрлігінің басшысы.

Қорытындылай келе, ол Қазақстан үшін инвестордың төлем қабілетті болуы, еңбекақыны арттыруға және өндірісті жаңғыртуға белгілі бір ресурстарды инвестициялауы маңызды екенін тілге тиек етті. 

Талқылау