Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-дегі қазандық құрылысы қалай жүріп жатыр

Бүгінгі таңда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де №7 қазандық құрылысы жүріп жатыр. Ал монтаждау жұмыстары 42%-ға аяқталған. 

ареслор

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2-де қазандық салу жобасы – Теміртау үшін үлкен маңызға ие. Жобаны жүзеге асыру қуат тапшылығын азайтып, жылумен қамтуды жақсартады. Жобаның бірінші кезеңі – негізгі корпусты жаңғырту – аяқталды. Қазір қазандық пен құрамдас бөлшектерін монтаждау жұмыстары жүргізілуде. 

"Монтаждауға арналған құралдар құрылыс алаңы жанындағы ашық қоймада. Қазір диірмендер, түтін сорғыштар, желдеткіштер, сақиналы эмульгаторлар мен ауа өткізгіштердің қорабы салынып жатыр. Сондай-ақ конвейерді ұзарту және металл құрастырылымы бойынша жұмыс жүргізілуде. Мамыр айында қазандықтың барабанын орнату жоспарланған", – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 директоры Сергей Владимирович Кривов. 

арселор

Жаңа қазандықтың құрылысын AB Construction компаниясы жүргізіп жатыр. Мердігер компанияның штаты 250 адамға ұлғайған, бұл жобаны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік береді. Іске қосу мен ретке келтіру жұмыстарын 2023 жылдың қазанында бастау жоспарланған. 

Еске салайық, қазандық қондырғысын жобалау және дауындау жұмыстарымен Подольский машина жасау зауыты айналысқан. Жаңа қазандықтың өнімділігі сағатына 420 тонна бу мен қысымы 13,8 МПа болмақ, бұл 130 бар мен 500 градусқа тең. 

арселор

"№7 қазандықты қолданысқа беру жылу энергиясы тапшылығын төмендетіп, қоршаған ортаны ластауды азайтады. Қазандық газ өткізбейді және қосдеңгейлі тазартау жүйесімен қамтылады, бұл минималды шығындыларға қол жеткізуге жол ашады", – деді Сергей Владимирович. 

Заманауи қондырғылар автоматтандырылады. Қажетті процестерді АСУТП мамандары бақылайды. 

Талқылау