Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жаңа қауіпсіздік бағдарламасын іске қосты

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ кәсіпорындарында Safety Management System еңбекті қорғаудың электрондық жүйесі кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонский символдық түймені басу арқылы жаңа қауіпсіздік бағдарламасының іске қосылуына белгі берді.

“Бұл жақсы бастама. Осы арқылы жұмыс жүйеленіп, адамдар тәртіпті сақтайды. Басшылық та толық ақпарат пен аналитикадан хабардар болады. Бағдарламаның барлық артықшылықтары компания жұмысына енгізілмек”, – деді бас директор Владимир Яблонский.

Safety Management System электронды бағдарламасы компания кәсіпорындарында еңбекті қорғауды айтарлықтай жақсартып, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – еңбек қауіпсіздігін қорғаумен байланысты процестерді автоматтандыру және цифрландыру. Қызметкерлерге немесе өндіріс процесіне қауіп төндіретін оқиғалардың санын азайту және қағаз есептерден бас тарту мен деректерді бір жүйеге келтіру болып табылады.

“Біз барлық процестерді талдадық. Тексерістерді ескере отырып, қауіпсіздік саласындағы іс-шараларды жоспарлаумен, аудиттерге байланысты оқиғалардың алты негізгісін таңдадық. Жүйені енгізгеннен кейін қызметкерлерді оқытуға басты назар аударылады", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ цифрлық технологиялар жөніндегі менеджері Максим Леонов.

Бүгінгі таңда компанияда 100-ден астам қызметкер білім алған. Әрбір бөлімшеде жүйемен жұмыс істей алатын және сұрақтарға жауап бере алатын негізгі пайдаланушылар бар. Наурыз айының соңына дейін тағы 3 мыңға жуық адамды оқыту жоспарлануда.

Модульдер мынадай мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • “Қызметкерлер” модульі – жұмысшылар туралы деректерді, олардың тәжірибесі мен лауазымы туралы ақпараттарды сақтайды.
  • "Еңбекті қорғау" модульі –  нұсқаулықтарды, стандарттарды, ережелерді қамтитын еңбекті қорғау жөніндегі құжаттаманың бірыңғай дерекқоры, қайта қарау мерзімдері бар бірыңғай тізілім және т.б.
  • "Оқиғалар" модулі – барлық жазатайым оқиғалар мен оқыс оқиғалар туралы ақпараты бар бірыңғай деректер базасы.
  • "Тексеру" модулі – қауіпті жағдайлар мен қабылданған шараларды нақты қадағалай отырып, тексеру нәтижелерін тікелей жүйеге енгізу мүмкіндігін береді.
  • “Ереже бұзу” модулінде тексеру барысында анықталған нұсқамалар бойынша цех басшысы мен тәртіп бұзушылар, жауапты тұлғалар бірыңғай базада көрсетіледі.
  • "Өндірістік қауіпсіздік" модулінде қауіпті объектілердің тізбесі, техникалық құрылғылар, сипаттамалар, өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы декларациялар мен жоспарлар қамтылады.

Аналитикалық блок жарақат жағдайларын талдаса, есеп беру блогы аналитиканы құру үшін жасалған.

Барлық модульдер үшін арнайы іздеу жүйесі орнатылған. Сол арқылы кез келген күнен ақпарат алуға, сондай-ақ тізімнің толықтығын реттеуге болады. 

“Мұнда жазатайым оқиғалармен қатар шаралар, олардың орындалу мерзімі, аяқталу жағдайы және жауапты тұлғалар көрсетіледі. Әрбір модульде ыңғайлылық үшін бағдаршам жүйесі орнатылған", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Статистика және стандарттау басқармасының басшысы Ольга Гостева.

Жүйе қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді және қосымша күрделі жабдықты орнатуды қажет етпейді. Мұнда пайдаланушының жұмыс жауапкершілігіне байланысты логин мен құпия сөз қолданылады. Жүйені пайдалану үшін арнайы нұсқаулықтар дайындалған.