«АрселорМиттал Теміртау» АҚ ұжымдық шарт бойынша 2022 жылы 30 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсады
2022 жылы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да ұжымдық шарттың жаңа нұсқасы қабылданды. Мұнда қызметкерлер үшін әлдеқайда жақсы жағдайлар қарастырылған. Шартты жасау жұмыстары бір жылға созылып, осы мақсатта "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басқармалары, "Жақтау" металлургтер кәсіподағы мен "Қорғау" көміршілер кәсіподағы өкілдері бірлескен комиссия құрылды. Бұл ретте даулы, шағымдар болмас үшін әзірге осы ұжымдық шарттың қолданыста болатыны келісілді.
Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің құқықтары мен міндеттерін ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, ынталандыру жүйесін реттейтін негізгі құралдардың бірі болып табылады. Шартқа қол қойған әрбір адам оның талаптарын орындауға міндетті.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымдық шарты кімдерге арналады?
Бұл кәсіподақ мүшелері болып табылатын компания қызметкерлеріне арналады. Оған ұжымдық шартқа жеке өтініші негізінде қосылған, кәсіподақ мүшелерімен тең дәрежеде жарна төлейтін қызметкерлер кіреді. Одан бөлек, шарт кәсіподақ комитетінің құрамында тіркеуде тұрған, алайда қазір кәсіпорында жұмыс істемейтін зейнеткерлерге де қолданылады.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның 2022-2024 жылдарға қабылданған ұжымдық шартына ең алдымен қызметкерлерді әлеуметтік қолдауды арттыратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
“Өзгерістер ҚР-ның Еңбек заңнамасына қарай жаңа жеңілдіктер мен кепілдіктерге қатысты енгізілді. Бастысы компания қызметкерлердің жалақысын қаңтар айынан бастап үкімет белгілеген инфляцияның барлық деңгейінде көтереді. 2022 жылы инфляция 20,3%-ды құрады. Сәйкесінше, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонскийдің бұйрығымен 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап компания қызметкерлерінің жалақысы осынша пайызға өсті. Қазақстанда әлі ешкім жалақыны бұлай көтермеді”, – деді "Жақтау" металлургтер кәсіподақ ұйымының төрағасы Виктор Щетинин.
Жаңа ұжымдық шартта өзгерген тағы бір негізгі жайт – жыл қорытындысы бойынша нәтиже көрсеткіштері жоғарыларға 13-ші жалақы деген атпен бір реттік төлем төленеді.
“Бұрын қатты болаттың көрсеткіштері бойынша конвертер цехына 13-жалақы есептелген кезде түсінбеушіліктер болған. Сондықтан 2022 жылдан бастап прокаттағы прокат сапасының көрсеткіші қаралады”, – деп атап өтті Виктор Щетинин.
Көмір департаментінде бір жолғы төлемге бірден үш көрсеткіш әсер етеді: көмір өндіру, көмір концентратын өндіру бойынша бизнес-жоспардың орындалуы және шикі көмірдің қалдығы бекітілген жоспарлы деңгейден аспауы.
2022 жылы компаниядағы барлық көрсеткіштер толық көлемде орындалған.
Ұжымдық шартта төлемдер автоматты түрде жүзеге асырылатын да, кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымының бірлескен шешімімен немесе қызметкердің жеке өтініші бойынша ғана орындалатын да тармақтар бар.
“Қаржылық қиын жағдайда қалған қызметкерлерге, мәселен денсаулығына байланысты операцияларға, немесе өрт секілді төтенше жағдайлар кезінде материалдық көмек көрсету пункттері қарастырылған. Сол үшін арнайы комиссия құрылып, қызметкерлерден келген өтініштер ай сайын қаралып, шешім қабылданады”, – деп қосты Щетинин.
Одан бөлек, комиссия пайызсыз несие беру туралы өтініштерді де қарайды. Ұжымдық шартқа сәйкес мұндай несие тұрғын үй сатып алуға немесе қалпына келтіруге, емделуге, білім алуға беріледі. Ол үшін қажеттілікті растайтын құжат болуы шарт.
2022 жылдың аяғында қызметкерлерге 175 114 000 теңгеге пайызсыз несие берілді. Оның ішінде болат департаментінде – 84 325 000 теңге, көмір басқармасында 90 789 000 теңге тіркелген.
Кәсіпорын қызметкері денсаулығына байланысты еңбек шартын бұзған жағдайда, ұжымдық шартқа сәйкес өтемақы төленеді.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 2022 жылға арналған ұжымдық шарт бойынша шығындары 29,03 млрд теңгені құрады. Оның ішінде болат департаментінде – 12 317 049 мың теңге, көмір департаментінде16 714 780 мың теңге жұмсалған.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымдық шартында бұрынғы жеңілдіктер мен төлемдерді сақталып, 2022 жылғы жаңа өзгерістерде қызметкерлердің әл-ауқатын жақсартуға, ынталандыруға және қолдауға бағытталған қосымша баптар пайда болғанын атап өткен жөн.
Кәсіподақ ұйымы өкілдері талқылау барысында көптеген даулардың туындағанын жасырмайды.
“Алайда біз ортақ шешім арқылы тілтабыстық. Бұл келіспеушілік хаттамаларынсыз, мемлекеттік органдардың қатысуынсыз қол қойған алғашқы ұжымдық шарт. Ортақ еңбегіміз. Даналық пен шыдамдылық танытқан компания басқармасының ұстанымын ерекше атап өткім келеді”, – деді Виктор Щетинин.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ұжымдық шартты жаңарту тәжірибесі компанияның қызметкерлерге адалдығы мен қамқорлығын көрсетеді.
Еңбек жағдайы мен жалақыны жақсарту, сондай-ақ компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдауды күшейту туралы мәселелерді мемлекеттік органдар да көтеріп жүр.
Осыған сай, 2021 жылдың 11 қарашасынан бастап құрамына "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, кәсіподақ ұйымдары және облыс әкімдігінің өкілдері кіретін Келісім комиссиясында жұмыс істейді.
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2021 жылдың талаптары бойынша келісімдерге қол жеткізіліп, жалақы 15%-ға өскен. 13-ші жалақы төленіп, өзге де әлеуметтік мәселелер шешілген, көмір өндіру жоспары қысқартылған.
2022 жылдың қарашасында шахтадағы қайғылы оқиғадан кейін. Ленин атындағы көмір басқармасының еңбек ұжымдары қосымша талаптар қойды. Осындай 18 талаптың 3-і орталық мемлекеттік органдардың қарауында. Оның12-сі орындалып, 3-еуі жүзеге асырылуда.
Келісу комиссиясының жұмысының нәтижесінде келесі шешімдер қабылданды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбекақы ұжымдық шартқа сәйкес инфляция деңгейіне көтеріледі.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ барлық қызметкерлеріне 2022 жылдың 16 желтоқсанына дейін 100% көлемінде 13-ші жалақыны төледі.
Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның ұжымдық шарты барлық мүдделі тұлғалардың ұсыныстары ескерілетін әлеуметтік бағыттағы жоба болып табылатынын атап өтті.