Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ орталығының балалары көрме өткізді

Теміртауда Дүниежүзілік Жер күніне арналған"Саусақ ұшындағы әлем" атты көрме ашылды. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жасөспірімдер орталығының қатысушылары 275 шығармашылық жұмыстың экспозициясын дайындады.

22 сәуірден 12 мамырға дейін тұрғындар БҰҰ шеңберінде экологиялық ортаны қорғау мақсатында өткізілетін халықаралық Жер күніне арналған "Саусақ ұшындағы әлем" көрмесі өтеді. Жексенбіден басқа күндері қалалық тарихи-мәдени мұражайда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін көрме жұмыс істейді. Экспозицияда "Коллаж" үлгілі изостудиясы, "Компьютерлік графика" студиясы, "Лепка" студиясы және "Дарын" қолөнер әуесқойлары клубы мүшелерінің жұмыстары ұсынылған.

XIX қайырымдылық көрмесінің ашылу салтанатына "АрселорМиттал Теміртау" өндірісі жөніндегі директордың м.а. Сергей Голубцов қатысты. 

“Осындай керемет көрменің ашылуына қатысу – мен үшін үлкен мәртебе. Көп сөйлемей, қолөнер туындыларына тамсанғым келеді. Мүмкіндігінше қонақтар шабыттанып, сергек әрі жарқын сезімді кешкендерін қалаймын. Балалар мен көрмені ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. "Арселормитатл Теміртау" компаниясы өскелең ұрпақтың шығармашылығын одан әрі қолдау үшін бар күшін салады”, – деді Голубков.

Іс-шараға "Жақтау" металлургтер кәсіподағының төрағасы Виктор Щетинин, металлургия комбинатының қызметкерлері, депутаттық корпус, ата-аналар мен шығармашылық әуесқойлар келді.

“Балалар барынша тырысты! Батик, коллаж, кескіндеме, компьютерлік графика, сәндік-қолданбалы өнер сияқты жұмыс түрлері ұсынылған. Көрмеге "АрселорМиттал Теміртау"АҚ жасөспірімдер орталығының 114 баласы қатысты. Компания әкімшілігіне балаларымызға қамқорлық жасап, тегін қосымша білім бергені үшін және балалар шығармашылығын шыңдайтын көктемгі көрмені өткізуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Орталықтың педагогтарына, ата-аналарқа, балаларға рахмет. Олардың қолдауынсыз іс-шарамыз бұлай етпес еді, – деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жасөспірімдер орталығының бастығы Ольга Кисличенко.

Ашылу салтанатында "Богема" театр студиясы және "Коллаж" үлгілі издостудиясының дизайн-сән театры өнер көрсетті. Көрме жеңімпаздары мен қатысушыларына "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының жүлделері табысталды.

Талқылау