Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жаңа аспалы крандар сатып алды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ цехтарында жүк көтергіш техниканы жаңарту бойынша маңызды жоба жүзеге асырылуда. 2021 жылы Жылу электр орталығы қазандық цехына екі заманауи аспалы кран орнатылды.

“Бұл зауыттың жүк көтергіш механизмдерін қайта құру бойынша үлкен бағдарламаның бірінші кезеңі. Жобаның мақсаты ескірген крандарды азайту және өндірісті тұрақтандырып,  технологияларды жақсарту. Биыл конвертерлік цехқа бес кран, №1-табақша металды илемдейтін цехына екі кран орнату бойынша жұмыстар жоспарлануда”,- дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ техникалық директоры Константин Цимбал.

Бейнебақылау мен барлық ескерту сигналдары орнатылған крандар 25-тен 100 тоннаға дейінгі ауыр жүкті көтере алады.

Бұл жабдықтарды жеткізуші қытайлық Weihua компаниясы. Қазіргі уақытта құралдардың жеткізілуі 80%-ға атқарылды. Соның ішінде конвертерлік цехқа арналған №18, 31-жаңа екі кран өндіріс орындарына келіп жетті.

Логистикалық схемаға сәйкес конвертер цехы кран жабдығынсыз жұмыс істей алмайды. Себебі сұйық болатты бір бөлімнен екіншісіне көтергіш машиналар ғана жеткізеді. Цех жұмысының өнімділігі де осы крандармен байланысты. Сондықтан бағдарламаның бірінші кезеңі аясында төрт бағыт бойынша крандарды ауыстыру жоспарлануда. Олар өндіріс алаңында, жинастыру аймағында, құю машинасында және араластыру бөлімінде жаңартылмақ.

Үш кранға демонтаждау-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер анықталып, дайындық жұмыстары жүргізілуде.

“Біз жоспар мен ұйымдастыру жұмыстарына үлкен мән береміз. Құралдар өндірісті тоқтатпай орнатылатындықтан барлық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету қажет. Ал қазіргі біздің еңсеруге тиіс қиындықтарымыздың бірі технологиялық режим жағдайында орнату”,- деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болат балқыту жөніндегі директоры Денис Ломакин.

Ақпан айында крандарды қалпына келтіру жұмыстарын бастау жоспарлануда. Көтергіш машиналардың басым бөлігі осы жылдың соңына дейін ауыстырылады. Бұл жоба өндіріске ғана әсер етіп қоймай, еңбек жағдайлары мен жұмысшылардың қауіпсіздігіне де оң әсерін тигізбек.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 12:56