Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ құтқару жасағы мамандарына оқу-жаттығу жұмыстарына жүргізетін бөлім дайындады

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ газ-құтқару жасағы мамандарының оқу-жаттығу жұмыстарын тиімді жүргізуіне мүмкіндік жасады. Енді металлургиялық департаментте велоэргометр, жүгіру жолы және дыбыс пен түрлі қызметтері бар лабиринт орналастырылған. Жаңа бірегей оқу кешенінің элементтері “Бренд Мастер” компаниясының сапалы өнімінен. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ газ-құтқару станциясының жеке құрамы оқу-жаттығу жиындарына кірісуде. Біз үшін жаңа жабдықтың функционалдығын тиімді пайдалану маңызды. Себебі біз оның барлық қызметтерін пайдалана отырып, болашақта бүкіл зауыттың жеке құрамына, яғни ерікті авариялық-құтқару жасақтарының мүшелеріне бізге келіп, оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуіне мүмкіндік жасаймыз", - деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ газ-құтқару станциясының басшысы Вячеслав Ткачук.

Бұл оқу-жаттығу кешені бірнеше бөлімдерден тұрады. Мұнда құтқару қызметі төтенше жағдай кезінде орындалуы шарт ережелер мен қатар жаттығу жұмыстарын өткізеді. Кешенде басқару пульті бар диспетчерлік пункт, жылу камерасы мен түтін камерасы орнасқан алаң бар. Одан бөлек, төтенше жағдайды сипаттауға мүмкіндік беретін түтін генераторы, шу және жарықтандыру жабдықтары орнатылған. Оқу процесіне қатысушыларды бақылау үшін мұнда динамик, микрофон және бейнебақылау, түтін камерасындағы әрекеттерді бақылау құрылғылары да қарастырылған. Кешеннің басты бөлігі басқару панелінен жасалған барлық құрылғыларды қосу бөлімі. 

Басқару бөлмесінде TDK симуляторларының барлық түрлеріне арналған пульттер мен операторлардың жұмыс орны бар. Жаттығу алаңы қызметкерлерге төзімділікке, ұтқырлыққа, жоғары температура жағдайларына бейімделуге кедергілерге физикалық тұрғыда қарсы тұра білуге шыңдайды. Осы тұста, Вячеслав Ткачук түтін камерасының құрылымына  "Лабиринт", "Құбыр", "Жад", "Бірегей манекен" сияқты бөлімдердің кіретінін айтты. 

"Лабиринт" - бұл жабық кеңістікті модельдеуге арналған әртүрлі конфигурациядағы қатты қалқалар жүйесі. "Құбыр" тар кеңістікте жұмыс істегенде физикалық және психологиялық стрессті арттыру үшін қолданылады. "Жадқа" магниттік контактілері бар, нөмірлік белгілер жиынтығы бар үш клапан кіреді. Ол экстремалды жағдайларда зейінді бұру және тапсырмалардың орындалуын бақылау үшін қолданылады.

"Бірегей манекен" қауіпсіздік техникасы бойынша брифингтерге, алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуге, сондай-ақ азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулар мен әскери жаттығуларға арналған.

Кешеннің жабдықталуы экстремалды жағдайлардағы әрекетке психологиялық және физикалық дайындықты қалыптастыру мақсатында жасалған.

Талқылау