«АрселорМиттал Теміртау» АҚ кеншілер әйелдеріне шахтадағы жарларының жұмыс орнын көруге мүмкіндік жасады
Осымен екінші жыл қатарынан "АрселорМиттал Теміртау" АҚ Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі күні қарсаңында қызметкерлердің жұбайларына шахтаға түсуге мүмкіндік жасады. Мұнда олар жарларының қайда жұмыс істейтінін және көмірдің қалай өндірілетінін көрді. "Казахстанская" шахтасында 40 келіншек тау-кен ісімен танысып, өткел қызметкерлерінің әйелдері сол аймақта, ал шахтерлердің жұбайлары лава орнында болды.
Өткел аймағында қыздарды бригадир Ерғанат Елеуханов күтіп алып, туннель қазу машинасы туралы, жұмыстың ерекшеліктері мен жетістіктері туралы айтып берді. Экскурсия барысында "Қазақстан" шахтасының бас инженері Владислав Ткачук шахтаның жұмысы, техника, қауіпсіздік техникасы туралы қызықты деректермен бөлісті.
“Бүгінде біздің жұмысшылардың әйелдері күйеуінің жұмыс орындарын аралап, олардың қандай жағдайда қызмет атқаратынын көру мүмкіндігіне ие. Мүмкін, олардың шахта туралы жалған мифтері мен күдіктері сейілер. Біздің міндетіміз – бұл шараны қауіпсіз әрі нәтижелі өткізу. Олар жарқын әсерлер мен жағымды естеліктер алса дейміз”, - деді Владислав Ткачук.
Кеншілердің әйелдеріне арналған экскурсия ұмытылмас әсер қалдырды. Қыздар қорқынышты сезінбегендерін мойындап, мұнда қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілгеніне көз жеткізді.
“Шахтада мен тек комбинатты көргенмін. Ал бұлай төменге түспеппін. Өзім құрылыс компаниясында инженер болып жұмыс істеймін. Әкем "Шахтинская" шахтасында жұмыс істегендіктен бұл жұмыстың қаншалықты күрделі екенін естуім бар. Шеберханаларды, құрылыс алаңдарын, жылу электр станцияларын көріп түрлі әсер алдым. Мұнда қысым өзгергендіктен өзіңді сезіну де мүлдем басқаша. Қаншалықты жер асты тереңдігінде екенімізді ойламағанда бәрі тәртіппен ұйымдастырылған”, - деді Дарья Веремчук.
“Күйеуім де, мен де шахтада жұмыс істейміз. Алайда жер астына бірінші рет түсуім. Қорқыныш болған жоқ. Осыдан соң отағасының қаншалықты күш жігермен еңбек етіп жүргенін бағалайтын боламыз. Қалай болғанда да, бізде қауіпсіздік деңгейі жоғары. Бүгін шахтада ілінетін сенсорлар, инертті шаң, ауа сорғыш туралы кейбір тармақтары да айтылды. Қарапайым, түсінікті және қызықты”, - деді Виктория Кузина.
“Мен балабақшада спорт нұсқаушысы болып жұмыс істеймін. Жолдасым мен үлкен ұлым шахтада қызмет етеді. Бүгін жер астына бірінші рет түсіп тұрмын. Олар кішкене уайымдап маған жылы әрі ыңғайлы киінуді, қайда отырып, не істейтінімді түсіндірді. Түскенге дейін мүлдем басқаша көрініс елестеттім. Ал өз көзіммен көргенде мүлдем басқа болып шықты. Жұмыс жағдайы, әрине, қиын. Шаң, ылғал арасы. Ал мұнда қауіпсіздік шараларын білу ғана емес, сақтау да өте маңызды деп ойлаймын. Бәрі жабдықталған, жоғарыда көрсеткіштерді беретін әртүрлі есептегіштер, құтқарушы техникалар бар. Бірақ менің жерде жұмыс істегенім дұрыс”, - деді Ирина Обердерфер.
Экскурсиядан кейін қыздар шахта директоры Владимир Шнельмен кездесті. Ол шәй үстінде кәсіпорын жұмысының болашағына тоқталып, кеншілерге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін жарларына алғыс білдірді. Оқиғаға толы күн соғы батылдығы, қайсарлығы мен табандылығы үшін "Нағыз кеншінің әйелі" дипломын және мерейтойлық төсбелгіні табыстаумен аяқталды.