«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Қарағанды облысында отырғызылған көшеттерді 3 жыл бойы күтіп-баптайды
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның аймақты көгалдандыру мен жасыл белдеу құру жобасында көшеттер отырғызу алғашқы бастама болды. Компания бұл алаңдарға 3 жыл бойы қамқорлық жасауға міндеттелді. Оның ішіне суарып, тыңайтқыштар мен топырақты қопсыту, арамшөптерді жойып, ағаш шеңберін құру, зиянкестермен күресіп, кешенді күтім жасау мен басқа да қажетті процестер кіреді. Ал арнайы комиссия жасыл аймақтардың жағдайын тексере жүріп, қаралуға тиіс мәселе шықса, айтып отырады.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы металлургтер қаласы Теміртаудың төңірегін көгалдандырып, облыстың басқа да аудандарында кешенді жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл көп еңбекті қажет етеді. Себебі көгалдандыру үшін алдымен аумақты белгілеп, топырақтың ол жерге жарамдылығын сынау керек. Мамандарды шақырып, топыраққа зерттеу жүргізу арқылы климаттық жағдайымызға сай ағаш-бұта түрлерін іріктеп алу қажет. Міне, бұл отырғызылған бұталар осы еңбектің нәтижесі.
Шуақты көктем бастала салысымен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі директоры Гүлнар Стамқұлова "Орион Астана" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Марат Хамитовпен бірге Шахтинск қаласындағы көшеттерді тексерді. Айтуларынша, қыс қанша қатты болғанымен ағаштар бүлінбей шыққан. Еске салайық, 2022 жылдың күзінде Шахтинск қаласының 60 жылдық мерейтойына орай "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қалаға абаттандыру саябағын тарту еткен болатын. Бұл аумаққа компания кеншілері 3000-нан астам көшет отырғызды.
“Орталық мәдениет және демалыс саябағы көпшіліктің сүйікті орнына айналды. Мұнда кеншілер отбасымен бос уақыттарын өткізеді. Қазір саябақта жасыл алаң аз, біздің жұмысымыз осы олқылықты жою. Сапарымыздың мақсаты – осы ауданға көшет отырғызу жұмыстарының ауқымын анықтау. Әлі сәуірдің басы болса да, өткен жылы егілген көшеттердің жайын көру үшін саябаққа келдік. Өткен жылы кеншілер бұл көшеттерді жан-тәнімен беріліп отырғызды. Міне қазір бірде-бір кепкен, қураған ағашты көрмедік”, - деп бөлісті Гүлнар Стамқұлова.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ мамандарының айтуынша, саябақты кешенді абаттандыру жұмыстары кезінде бұл жерді көктемде су басуы мүмкін екені анықталған. Сондықтан мұнда жер асты суларының, тасқын сулардың және жауын-шашынның артық мөлшерін учаскеден шығаруға мүмкіндік беретін екі дренаждық арық орнатқан. Бұл топырақтың құнарлы қабатын шайып кетуден сақтап, су басу мәселесін шешті.
“Бүгін осы көшеттердің қандай күйде екенін көріп, соған орай осы көктемде не істеу керегін анықтап, күтім жасау жұмыстарын бастау үшін саябаққа келіп тұрмыз. Көгалдандыру жұмыстарын кеншілер шын көңілдерімен аянбай істегендері көрініп тұр. Көшеттердің бәрі сау әрі жұмсақ. Кеншілер шұңқырлар жасап, ішіне қарашірік те қалдырған. Бұл өсімдіктерге қосымша қорекретінде жасалған керемет жағдай”, – деді Марат Хамитов.
Мамандар қалаларда, тас жолға жақын жерде орналасқан көшеттерге ерекше күтім қажет екенін атап өтті. Оңтайлы ылғалдылық үшін ауа-райына байланысты тұрақты суару қажет. Сонымен қатар ағаштардың жасын ескерген де жөн. Зиянкестердің әртүрлі түрлерімен күресу де маңызды. Мұндай жағдайда ең оңай жол – көшет сабағының төменгі бөлігін әктеу.
“Ағаштың тамыры тереңге жайылуы үшін сабақтарына назар салу керек. Себебі бұтақ тербеле немесе құлай бастаса, тамыр жүйесіне ауа кіріп, өлу ықтималдығы жоғарылайды. Жұмысқа кіріскен кезде ең алдымен діңгек маңындағы саңылауларды жөндейміз. Бұл өте маңызды. Азот, фосфор, калий бар тыңайтқыштармен көшетті баптаймыз. Одан бөлек әрине, арамшөптермен күресу керек. Әрине, мол суару кезінде арамшөп белсенді түрде өседі. Алайда оларды уақытылы жұлып тұру керек. Тағы бір маңызды дүние - ағаштардың бұтасын дұрыс кесу маңызды. Сонда ол дұрыс бағытта дамып, болашақта гүлді болады”, - деді Марат Хамитов.
Шахтинск саябағындағы көшеттерге күтім жұмыстыары өте мұқият және жауапкершілікпен жүргізілген. Негзі көшет отырғызу кезінде өзіндік нормалар мен ережелер сақталады. Биылғы көктемде де көшеттерді күтіп-баптап, қарау жұмыстарын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жалғастырады. Өйткені компания үшін облыстың қалалары мен аудандарын бұдан да жасыл әрі жайлы ету өте маңызды.