Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры аймақтардың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғыс хатпен марапатталды

Қарқаралы ауданының әкімі "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорына әлеуметтік жауапкершілік саласындағы қолдауы және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Бүгінде Қарқаралы өңірінде "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бірнеше кәсіпорны бар. Атап айтқанда “Шахтер" демалыс үйі, "Романтик" балалар сауықтыру лагері және "Өркен-Кентөбе" кеніші орналасқан.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ үшін компанияның өзі жұмыс істейтін аймақтардың әлеуметтік жағдайына жауапкершілікпен қарау басым бағыттардың бірі. Қарқаралы өңірінің тұрғындар "АрселорМиттал Теміртау" АҚ қызметінің арқасында тұрақты жұмыспен және табыспен қамтамасыз етіліп отыр. Маусым айының басында "Шахтер" демалыс үйінің жұмысын қайта қалпына келтіру жоспарлануда. Бұған дейін мәжбүрлі түрде тоқтатылған демалыс үйінің барлық қызметкерлері өз орындарына оралып, жұмыстарын қайта жалғастырады. Бұл туралы Қарқаралы ауданының әкімі Ерлан Құсайын "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Владимир Яблонскиймен кездесуінде ерекше атап өтті.

Қарқаралы ауданының басшысы әлеуметтік қолдау көрсеткен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығына ерекше алғысын білдірді.

“Біздің өңірде болып қана емес, сол аймақтың мәселесін шешуге қолдау бергеніңіз үшін алғыс айтамыз. Әсіресе Жаңажол ауылын сумен қамтуға көмектескеніңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді. Ол жерде ауыз су мәселесі болды. Тұрғындар бірнеше рет көмек сұраған. Ал "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Бүгін біз ұңғыманы бұрғылап қойдық. Енді су сараптамасының қорытындысын күтіп отырмыз және маусым айында суды толықтай бере бастаймыз”, –  деп атап өтті Ерлан Құсайын.

Кездесуде Владимир Яблонский мен Ерлан Құсайын ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры компания кәсіпорындары орналасқан Қарқаралы ауданының дамуына жоғары үлес пен алаңдаушылық танытатынын атап өтті.

“Ауданды жан-жақты дамыту керек. Мұнда тек жұмыс орындарын ашу ғана емес, ең алдымен компаниямыздың қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек және тұрмыстық жағдайлары барынша жайлы болуын қамтамасыз ету керек”, – деп атап өтті Владимир Яблонский.

Ерлан Құсайын өз кезегінде компания басшылығына көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін тағы да алғыс айтып, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директорына алғыс хат табыс етті.