Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдайды

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ екі жыл бұрын әлеуметтік кәсіпорын GreenTAL-мен 11,5 миллион теңгеден астам қаражатқа киім тігуге келісім-шарт жасады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік еліміздегі қолдауды қажет ететін жаңа сала. Оның негізгі бағыты халықтың әлеуметтік осал тобындағыларды, мүгедектігі бар жандарды оқытып, жұмысқа орналастырып түрлі өнім шығару. Осындай кәсіпорындардың бірі ел нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан GreenTAL компаниясы .

"Алғашқы үш жылда қоғамымыздың әлеуметтік осал тобындағы жандар өздерінің нарықта іс бастап, сол арқылы шынайы бәсекелестікке түсе алатынына, әлеуметтік кәсіпкерліктің бар екеніне сенбеді. Мұның шет елдерде сәтті сыналған тәжірибе екенін дәлелдеуге тура келді", - деді GreenTAL әлеуметтік кәсіпорнының директоры Эмин Әскеров.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып әлеуметтік кәсіпкерлікке сеніп, қолдау көрсеткен "АрселорМиттал Теміртау" АҚ болды. Кәсіпорын 2021 жылы GreenTAL компаниясымен ынтымақтастық орнатқан.

 "Бұл компания тігін мен кәдесыйлар өндірісі бойынша қызмет көрсетуге қолдау берді. Біз жейде, кеңжейделер мен басқа да түрлі тауарларды үлкен көлемде шығара алдық. Серіктестік үшін компанияға алғыс айтамыз. Кәсіпорын бізге жауапкершілікпен қарай отырып, көмек етеді”, - деді Эмин Әскеров.

Өнім сапасының жоғары екендігі соншалық, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ GreenTAL компаниясымен тұрақты ынтымақтастық орнатқан.

"Осы қолдаудың арқасында компания тағы бірнеше жұмысшы тауып, жаңа бағыттарды дамытып, жемпір мен кеңжейде сияқты киім түрлерінің нарығын жартылай жаулап алды", - дейді әлеуметтік кәсіпорын басшысы.

Эмин Әскеровтың айтуынша, "АрселорМиттал Теміртау" сияқты ірі бизнес өкілдерінің қолдауының арқасында әлеуметтік кәсіпкерліктің жағдайы өзгерген. Себебі компания кәсіпорынмен бір реттік тапсырыс беріп қана қоймай, шын мәнінде ынтымақтастық орнатқан.

“Елімізде әлеуметтік кәсіпорындардың болашағы зор деп ойлаймын. Себебі қол ұшын созып көмектесу халқымыздың қанында бар. Ал басталған іс әлеуетке тиімді болса, бизнесте тіптен ұтады”,- деп түйіндейді Эмин Әскеров.

GreenTAL кәсіпорыны болашақта аумағын кеңейтуді мақсат етуде. Қазірдің өзінде Павлодар, Екібастұз қалаларында филиалдары ашылды. Әлеуметтік кәсіпкерлік еліміздің бизнес нарығында бәсекеге қабілетті лайықты орынды иеленуде.