Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арнайы кодтарды білген: Астанада ер адам банкоматтарды емін-еркін ашып, тонап кетті

Астанада ер адам банкоматтарды емін-еркін ашып, ішіндегі ақшаларын алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ұрлық осы жылдың тамыз айында жасалған. 5 айға жуық уақыттан кейін жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған.

“Бейнебақылау камераларын қарап шыққан тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түскен. Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен”, – делінген полиция хабарламасында. 

Ұрлыққа бұрынғы инкассатор қызметкерінің қатысы бар екені анықталды.

“Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған”, – делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адам кінәсін мойындады.

Талқылау