"Арнайы Алматыдан алып келді": Әнші Райм әкесіне көлік сыйлады
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Танымал әнші Ерке Есмахан күйеуі Раймның әкесіне сыйлық жасағанын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі отбасымен бірге күйеуінің туған жері Оралға барғанын жеткізді.
“Күйеуім Алматыдан Оралға жап-жаңа көлік алып келіп, папамызға сыйға тартты. Игілігіңізге мініңіз, папа! Алла бұйырса, ұлдарың саған да көлік мінгізетін күнге жетейік”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ Ерке Есмахан адамдарды адал болуға шақырып, тілек білдірді.
“Аллаға сансыз шүкір етемін! Бұл өмірдің бір сыры да, нақты қағидасы да жоқ екеніне көзім жетті. Тек түсінгенім, ішкі ойың мен сыртқы сөзің таза, шынайы, әрекетің адал болса болғаны. Сонда бұл жалған дүниенің бар жақсылығы өзіңе тартылады екен. Әлемнің әдемілігін көру өзіңізге, ұл қызыңызға, ұрпағыңызға молынан бұйырсын!”, – деді эстрада жұлдызы.
Еске салайық, Ерке Есмахан тағы да қараймайтын әшекей бұйым шығаратынын айтқан еді.

Министр Нұртілеу ұсталды деген сыбыс қазақстандықтарды дүрліктірді: Бұл істің соңы немен бітті, Бажкенованы не күтіп тұр?
