Армения ҰҚШҰ-ның барлық ісіне қатысуды тоқтатты
Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымға (ҰҚШҰ) қатысуын уақытша тоқтатып қойды. Ол Арменияның ҰҚШҰ-дан толық шығуы мүмкін күнін атамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: tass.ru
"Біз ҰҚШҰ-ның барлық құрылымындағы қызметімізді тоқтаттық және қазіргі кезеңде мұны жеткілікті. Енді біз басқа шешім қабылдаудың қажеті жоқ деп санаймыз, бірақ бұл болашақта басқа шешім қабылдамайды дегенді білдірмейді", – деді Пашинян Еревандағы мәжіліс отырысында.
Айта кетейік, маусымның ортасында Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дан шығу ниетін жариялады. Парламентте сөйлеген сөзінде ол Ереван қажет деп тапқан кезде мұны жасайтынын түсіндірді.
Ақпан айында премьер-министр елдің ҰҚШҰ-ға мүшелігін тоқтату туралы мәлімдеді. Ал мамырдың басында Армения билігі бұл ұйымды қаржыландыруды тоқтататынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжан қорғаныс министрлігі Армения тарапынан оқ атылғаны туралы жария етті. Алайда Арменияның қорғаныс басшылығы бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп отыр.