Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения премьер-министрі Астанадағы ҰҚШҰ саммитіне қатысудан бас тартты

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 28 қарашада Астанада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) саммитіне қатысудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі армениялық 24News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: tass.ru

Армения премьер-министрінің баспасөз хатшысы Назели Багдасарянның айтуынша, Арменияның "ҰҚШҰ қызметіне қатысуды тоқтатуға қатысты ұстанымы" өзгерген жоқ. 

Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян да саммитке қатыспайды.


Иманғали Тасмағамбетов Арменияны ұйымға "мүше болу-болмауына" қатысты шешім қабылдауға шақырды


Айта кетейік, Пашинян 2024 жылдың ақпанында Ереванның ҰҚШҰ жұмысына қатысуын тоқтататынын мәлімдеген еді. Армения премьер-министрі ұйымды Таулы Қарабақтағы қақтығыстың шиеленісуі кезінде өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады. 2023 жылы Пашинян Минскіде өткен ҰҚШҰ саммитіне де қатыспады.

Еске салсақ, бұған дейін 28 қарашада өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға Беларусь президенті Александр Лукашенко мен Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу келгені туралы жазған едік.

Талқылау