Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения мен Әзірбайжан өзара территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келді

Армения мен Әзірбайжан бір-бірінің территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Келісім туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзінде Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді.

"Армения мен Әзірбайжанның бір-бірінің территориялық тұтастығын мойындау туралы келісімге келгенін растаймын. Осы ретте біз өзара қарым-қатынастарымызды реттеу бағытында жақсы қадамдар жасап жатырмыз деуге болады", – деді Никол Пашинян.

Сонымен қатар, Пашинян Таулы Қарабақ тұрғындарының құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

"Мен жақын арада Баку мен Степанакартта өзара түсіністік жағдайындағы диалог басталады деп ойлаймын", – деді ол.

Никол Пашинян дүйсенбі күні Ереванда өткен баспасөз мәслихатында құрамына Таулы Қарабақ кіретін Әзірбайжанның территориялық тұтастығын мойындайтынын мәлімдеді. Алайда Әзірбайжан тарапы армян халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек.

Талқылау