Армения, Қырғызстан және Тәжікстандық ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстаннан шығарылды
Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан келген ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстаннан шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме беріп.
Астана мен Алматыда стратегиялық нысандарды күзеткен әскери қызметшілер өз миссиясын орындап, постты еліміздің Қарулы Күштеріне тапсырды. Осы уақыт ішінде Қырғыз Республикасының әскері ЖЭО-2-ні күзеткен. Әскер операцияың аяқталғанын атап өтіп, таңертең Отанына аттанды.
Көрші елден арнайы жасақтың 150 жауынгері мен "Скорпион" жасағының әскери қызметкерлері келді.
“Менің ойымша, ҰҚШҰ желісі бойынша алғаш рет осындай бітімгершілік операция өтті. Сәтті өтті деп ойлаймын. Адамдарға арналған тұрақты орналасу орнына, үйге жету ғана қалды. Қазақ халқына гүлдену мен бейбітшілік тілеймін!" – деді Қырғызстан Қарулы Күштері бітімгершілік контингентінің қолбасшысы Таланбек Тәліпов.
Арменияның әскери қызметкерлері де Отанына оралды. Қарулы күштердің қолбасшысы Тарон Кочарянның айтуынша, бітімгершілік операциясын өткізу стратегиялық және басқа да маңызды нысандарды қорғауда үлкен тәжірибеге айналды. Бір апта ішінде Қазақстандағы әскери бөлімшелер үлкен тексеруден өтті.
"Біз үшін бітімгершілік операциясын өткізу бірінші кезекте үлкен тәжірибе. Екіншіден, Армения әрқашан бауырлас елдерге көмектесуге дайын, ал Қазақстан біз үшін осындай ел. Әрқашан достарымызға көмектесуге дайынбыз", – деді Армения Қарулы Күштерінің бітімгершілік контингентінің қолбасшысы Тарон Кочарян.
Айта кетейік, Алматы әуежайынан 100-ге жуық рейс орындау жоспарланып отыр.
Еске салсақ, ҰҚШҰ бітімгершілік күштерін біздің елден кезең-кезеңімен шығару 13 қаңтардан бастап Қазақстан Президенті белгілеген мерзімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
Олардың жалпы саны – 2030 сарбаз. ҰҚШҰ күштері екі қалада – Алматы мен Нұр-Сұлтанда орналастырылды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
