AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Армения Әзірбайжанның Қарабаққа басып кіргенін мәлімдеді: Баку қақтығысты жоққа шығарды

Армения әзірбайжан әскерлерінің Таулы Қарабаққа шабуылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық Радиосының армян бюросы мәлімдеді. Ал Әзірбайжан қорғаныс министрлігі жағдайдың шиеленіскенін жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемде ешкім мойындамаған Таулы Қарабақ әзірбайжан әскерлерінің Аскеранский ауданы, Парух ауылына қарай бағыт алып, шектесу сызығын бұзып кіргенін айтқан, деп жазады басылым. 

Кейін Парух пен Храморт ауылдарындағы жағдай Ресей әскерлерінің бақылауында екені хабарланды. Олар екінші қарабақ соғысы аяқталғалы бері, 2020 жылдың қарашасынан бастап осында болған.

Сондай-ақ, әзірбайжан әскерлерінің алға жылжуы келіссөздер мен "қауіпсіздікті ұйымдастырудың қосымша шараларының" нәтижесінде тоқтатылғаны атап өтілді. Бірақ Әзірбайжан әскері әуелгі ұстанымына қайта оралмады. 



Армения сыртқы істер министрлігі Әзірбайжанның әрекетін "агрессивті" деп бағалап, 2020 жылдың қарашасында қол қойылған бітімгершіліктің бұзылғанын жеткізді. Ал Ереван әзірбайжан жасағын әуелгі ұстанымына қою үшін РФ әскерлері шара қолданады деп күтуде.

Әзірбайжан қорғаныс министрлігі армян дереккөздеріндегі жағдайдың шиеленіскені туралы ақпараттың "шындыққа жанаспайтынын" мәлімдеді. Ондағылар ешқандай қақтығыстың болмағанын, "ал пункттерде позиция мен орынды анықтау жұмыстары жүріп жатқанын" атап өтті. 

Бакудың ойынша, армян дереккөздері қоғамды жаңылыстырып, дұрыс емес арнаға бағыттау үшін жағдайды қасақана түрде бұрмалап, ушықтыруда. 

2020 жылдың 10 қарашасында Қарабақтағы соғыс Баку мен Ереванның келісімге қол қоюымен аяқталды. Армения төрт ауданды Әзірбайжанның бақылауына берді. Ал шектесу сызықтарына Ресей әскерлері кірді. 

Содан бері Әзірбайжан мен Армения шекарасында ұрыстар мен атыстар болып келген. 

Қазіргі уақытта РФ әскерлері Украинада тұрақтап қалды. Пентагон мәліметіне сәйкес, Путин Ресейде қолжетімді болған батальонды-тактикалық топтардың 75%-ын Украинада қолданды. Кремль Украинаға жіберу үшін РФ аумағынан тыс бөлімшелер іздеуде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр