Арман Шораев босатылды
Бірнеше күн бұрын полиция ұстаған белгілі журналист және қоғам қайраткері Арман Шораевты жеке мойындауы бойынша босатты. Бұл туралы оның қорғаушысы Джохар Өтебеков өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Арман Шораев бостандықта! Ішкі істер министрлігінен шықтық. Енді үйге бара жатырмыз. Барлығы жақсы! Арман қамауға алынбайды. Ол жазылым негізінде босатылды. Осындай үлкен қолдауларыңыз үшін бәріңізге рақмет!", - деп жазды Джохар Өтебеков.
Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Арман Шораевты "төтенше жағдай кезінде жалған ақпаратты тарату" бабы бойынша қамалған еді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан үкіметі қазақстандық кәсіпкерлерге берген уәдесін неге орындамады?
Кәсіпкерлер жаңа талаптарға байланысты наразылық білдіріп жатыр