Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арман Ашимов MMA турнирінде жекпе-жек өткізеді

30 тамызда Орынборда аралас жекпе-жектен халықаралық M-1 Challenge 104 турнирі өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Арман Ашимов MMA турнирінде жекпе-жек өткізеді

Негізгі жарнамалық картада қазақстандық Арман Әшімовтің бразилиялық Флавио Да Силва Сантоспен титулдық жекпе-жегі өтеді, деп хабарлайды ММА-дағы Қазақстанның Біріккен федерациялары қауымдастығының баспасөз қызметі.

Бразилиялық балуан аралас жекпе-жектің кәсіби аренасында 12 жекпе-жек өткізіп, тоғыз жеңіске жетті. Ашимовтың 11 жеңісі бар. Ол бұрыннан MMA әуесқойлары арасында өте жоғары жылдамдықты соққы беретін спортшы ретінде танымал болды. Жеңіл салмақтың (57 келі) өкілі бола отырып, Арман әлемдегі ең күшті және жарқын нокаутшылардың бірі, ол осы салмақтағы палуан үшін ерекше жағдай.

Соңғы шайқаста Ашимов төрешінің шешімімен жеңіске жетті. Флавиомен болатын матч Арманға титулдық жарыстарға оралуға тамаша мүмкіндік береді. Екі қарсылас да көрермендерге керемет шоу беру үшін шайқасуға дайын.

"Осы жылдан бастап Әшімов Ғалымжан Есенов басқаратын «ММА-дағы Қазақстанның Біріккен Федерациялары қауымдастығы» ЗТБ ресми қолдаған кәсіби спортшылардың бірі. Қоғамдық бірлестік Кәрім Мәсімовтің басшылығымен Қазақстанның жекпе-жек қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді», - делінген ұйым хабарламасында.

Талқылау