Арман Ашаның туған күніне оның бойымен бірдей раушан гүлдерін сыйлады (фото)
Әнші Арман Қоңырбаев жұбайы Аша Матайдың туған күніне оның бойымен бірдей болатын раушан гүлдерін сыйлады. Одан бөлек, сүйіктісінің нені жақсы көретінін жақсы білетін Арман оған сөмке алып берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Аша Матай өзінің желідегі парақшасында жазды.
«Ережеге сәйкес, ең бірінші болып мені сүйіктім құттықтады. Арманғ рахмет. Сөмкелерді қатты жақсы көремін. Ал мына раушан гүлдері менің бойыммен бірдей. Ең мінсіз күйеу, жақсы көремін», – деп жазды Аша.
Желі қолданушылары Ашаны туған күнімен құттықтап, Арман екеуінің бір жастықта қартаюын тіледі. Кейбіреулер сыйлықтарын көрсеткен актрисаны сынға алып, елдің көзі мен сөзінен аулақ болуға шақырды.
Айта кетейік, Аша Матай (шын есімі Ақбота Асқарбекова) 1988 жылы Алматы қаласында заңгерлер отбасында дүниеге келген. Ашаның әкесі Марат Төкенұлы белгілі заңгер, ал анасы Бәтес Мұхитденова Баян Есентаеваның туған әпкесі. Аша мен Арманның жуырда ғана дүниеге келген Асылым есімді қыздары бар.
Жіберіп алмаңыз:
Шоқан Маратұлы 2 айда 120 мың доллар табыс тапты
Мейрамбек Бесбаев Қайратпен бірге билеп тұрып ән айтты (видео)
Жәния Джуринская өзі үшін не нәрсенің ұят екенін айтып берді (видео)
Бүркіт пен Айша балалар үйіне жаңа жыл кешін ұйымдастырып берді (видео)