Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әркім өз орнын білсін": Ақбота Керімбекова отбасыға қатысты кеңес берді

Ақбота Керімбекова отбасыға қатысты кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әркім өз орнын білсін: Ақбота Керімбекова отбасыға қатысты кеңес берді

Махаббатты жырға қосқан әнші өмірде бірнеше рет қателескен. Сәтсіз тұрмыс құрған ол заманға қарай адамдар да арсызданып барады дейді. Алайда, өнер иесі жақсы адамдардың барынан үміт үзбегенін жеткізген болатын. 

"Адамның санасы да, ойы да өзгеріп жатыр ғой. Әйелдің еркек болып, еркектің әйел болып кеткен заманы. Дегенмен, әлі де жер бетінде мейірім бар. Өйткені тіршілік жалғасуда", - дейді Ақбота Керімбекова.  

Ақбота Керімбекова осылайша отбасылы адамдарға кеңес беріп, қателік жасамауға шақырған. Өнер иесі ер мен әйел өз орнын білсе, бәрі ойдағыдай болады дейді. Ең бастысы әркім өзіне тиесілі міндетті атқаруы керек деп ағынан жарылды әнші.

"Әркім өз орнын білу керек. Мен осы күнге дейін күйгенім. Еркек пен әйел шариғат, салт-дәстүр бойынша өз міндетін атқарса жақсы отбасылар көп болады деп ойлаймын", - дейді Ақбота Керімбекова.  

Талқылау