AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
AAPL
148.56 $
1.2 %
TSLA
643.38 $
-0.91 %
NDAQ
187.76 $
1.31 %
GOOGL
2660.3 $
3.58 %
FB
369.79 $
5.3 %
FRHC
65.1 $
0.73 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арқалықта электро самокат жүргізушісін қағып өлтірді

Жол көлік оқиғасы Арқалық қаласында болған. Болған оқиғаға байланысты жергілікті полиция бөлімі бастығының орынбасары Виталий Цой түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі МИА "Казинформ"-ға сілтеме жасап.

"Арқалық қаласында "Лада 2121" автокөлігін басқарып келе жатқан 1984 жылы туылған жүргізуші 1978 жылы туған азамат басқарған электро самокатпен соқтығысқан. Алған жарақаттарынан самокат жүргіушісі қалалық ауруханаға жеткізілу кезінде жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – деді В.Цой.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында аталған облыста 13 шілде мен 12 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

"Тоғыз күн ішінде Қостанай облысында 2 843 жол ережесін бұзу анықталды, оның ішінде 64 жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды. Тексеруден өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін 109 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды; көлік құралдарын заңсыз тіркеу ісімен – 25 жүргізуші, көлік жүргізу кезінде телефонды пайдаланғаны үшін – 162 жүргізуші; белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін – 251 жүргізуші, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 494 жүргізуші, қарсы жолаққа шыққаны үшін – 9 жүргізуші, төтенше жағдай жасағаны үшін – 22 жүргізуші, теміржол өткелінде жүру ережесін бұзғаны үшін – 15 жүргізуші , жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін – 65 жүргізуші, жүргізу кезінде ұсталып, көлік жүргізу құқығына ие емес екені анықталған – 46 жүргізуші, көлік жүргізу құқығынан айырылған көлік құралын басқарғаны үшін – 4 жүргізуші ұсталып, шара қолданылды", – деп хабарлады полиция.   

Жол ережесін бұзғаны үшін 397 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды .

Осы айда облыста барлығы 7 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр