Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Арқа ауруына шағымданған": Коронавирустан көз жұмған Екібастұз тұрғыны туралы белгілі болды

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы 1971 жылы туған Екібастұз қаласының тұрғыны коронавирус жұқпасынан қалай көз жұмғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Медициналық бөлімнің мәліметінше, 49 жастағы науқас диспансерде эндокринологиялық аурумен тіркелген. Бүйректің созылмалы ауруы, май алмасуының бұзылуы келіншектің созылмалы диагнозы.

Бірінші маусымда әйел клиникаға арқасының ауырғанын айтып шағымданған. Оған ем тағайындалды. 3 маусымда ол емхананың жергілікті дәрігеріне жүгінеді. Осы уақыт ішінде науқастың жағдайы нашарлай түскен. Ол сирек құрғақ жөтелге, жалпы әлсіздікке шағымданады.

Ауруханаға жатудан бас тартқан келіншек келесі күні ауруханаға ыстығы көтеріліп, қатты әлсіздік байқалғанын, тамағының қатты ауыратынын айтып қайтадан келген. Қабылдау сәтінен бастап науқастың жағдайы нашарлады.

5-маусымда COVID-19 зертханалық зерттеулерінің нәтижесі расталды. Әйелді инфекциялық бөлімге жатқызған. 7-маусымда оны жансақтау бөліміне жатқызуға тура келді. Науқастың жағдайы созылмалы және қатар жүретін ауруларға байланысты ауыр болған.

10 маусымда науқас вентиляторға қосылды. Жексенбі, 14 маусым, сағат 03.20 минутта әйел қайтыс болды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес, коронавирустық инфекциядан болған өлім жағдайы ретінде тіркелді", - делінген медициналық бөлімнің баспасөз хабарламасында.

Бұл Павлодар облысында коронавирустық инфекциядан қайтыс болудың 12-ші оқиғасы. Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы - 77 өлім тіркелген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр