Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сот бұлтартпау шарасын бір айға ұзартты", - деп хабарлады Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 28 мамырда соттың санкциясымен Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты екі ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды.



Мамырдың 16-сы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына қатысты "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл" халықаралық көрмесін өткізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге жымқырды деген айыппен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды. Антикордың мәліметінше, 2017-2018 жылдары "Ақпараттық ресурстарда объектілерді танымал ету бойынша республикалық тізімге енгізілген нысандардың 3D моделін жасау" жобасын жүзеге асыру барысында Ұлттық музей жұмыс құнын негізсіз 1,2 млрд теңгеге асыра бағалаған.

Еске салсақ, бүгін Нұр-Сұлтанда Арыстанбек Мұхамедиұлының ісіне қатысты тергеу соты басталған болатын.

Дана Русланқызы
Жұма, 22 Шілде, 2022 21:14
Талқылау