Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне жасалған әзіл суретке пікір білдірді
Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне арналған әзіл суретті жоғары бағалады.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің жаңа қызметіне қатысты жасалған әзіл мемге пікір білдірді.
"Музейдегі түн. Достар, біздің азаматтарымыздың шығармашылық талантымен бөліскім келіп отыр. Бүгін коллаж жіберіпті, бір күліп алдық. Керемет жұмыс, рахмет! Өте көңілді кино, фильм сюжеті бойынша, музейде бәрі тіріледі. Біздің ұлттық мұражайда да солай болса екен деймін", - деді ол.
Айта кетейік, Мұхамедиұлы 10 шілде күні мемлекет басшысының тапсырмасымен ұлттық мұражайға басшы болып тағайындалды. 2014 жылдың 6 тамызынан 2019 жылдың 17 маусымына дейін мәдениет және спорт министрі болды.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі