Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы жарылыс: әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары қамауға алынды

Әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыстағы жарылыс: Әскери бөлім бастығы мен оның орынбасары ұсталды

2019 жылдың 23 тамызында ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери-тергеу басқармасы Арыс арсеналында жарылыс фактісі бойынша әскери бөлімнің командирін және оның орынбасары - артиллериялық оқ-дәрілерді сақтау базасының бастығын ұстады.

Әскери бөлім басшылығы қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеуге алынып, құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпталып отыр.

"Олар Қылмыстық кодекстің 462-бабы 3-бөлігі (жарылғыш заттарды пайдалану ережелерін бұзу), 453-бабы 2-бөлігі (абайсызда ауыр зардап әкелген) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелуде. Дәл сол күні Түркістан облысы Арыс ауданының соты аталған адамдарды 2 ай мерзімге «Ұстау» атты алдын-алу шарасына санкция берді", - дейді ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. 

Талқылау