Арыстағы үйді жөндеуге барған жұмысшы көз жұмды
8 тамыз күні Арыс-Шымкент тас-жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан рөлде отырған Ермек Тютюбеков алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Түркістан облысы, Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапармен жіберілген «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкерінің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі тарапынан оның отбасына материалдық көмек көрсетіледі.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ