Арыстағы қоймадан әкелінген оқ-дәрілер бар: Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдегі өрттің тоқтамай жатқанын айтты
Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери қоймада Арыстағы оқ-дәрілердің бір бөлігі бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Арыс қаласындағы өрт салдарын жойғаннан кейін аталған қоймаға инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігі шығарылғанын айта кеткен жөн. Бұл қоймада алысқа ұшып жарылатын снарядтар жоқ”, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі таңда Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыстар тоқтаған, дегенмен, өрт жалғасуда.
“Инженерлік оқ-дәрілер жердегі қоймаларда сақталады. Қоймаларда жер асты сақтау орындары жоқ. Осы әскери бөлімде оқ-дәрілердің басқа түрлері (артиллериялық, реактивті, зымырандық, атыс) сақталмайды. Сонымен қатар түрлі жарылғыш заттардың жанып, жарылуы салдарынан соққы толқыны, ауқымды жалын мен қатты дүмпулер орын алуы ықтимал”, – деп қосты министрлік өкілдері.
Министрлік өрттің тоқтамау себебі – сол жерде сақталған тротилдың жануы екенін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болғаны айтылған еді. 60-тан астам адам зардап шегіп ауруханаға жеткізілген.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
