Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арыстағы екі адамның өліміне қатысты тағы бір күдікті ұсталды

Арыста екі адамды атып өлтірді деген күдікпен ұсталғандар саны үшке жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

күдіктілер

ІІМ криминалдық полиция департаменті мен Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері бірлесіп өткізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Арыс қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген үш адамды, яғни тапсырыс беруші мен екі орындаушыны ұсталған.

“Бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру басталды. Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардан "Сайга" қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық, мотоцикл мен бетперделер тәркіленді”, – делінген хабарламада. 

Еске салайық, 5 тамызда белгісіз біреулер салынып жатқан үйдің аумағына кіріп, қарудан оқ атып, қашып кеткен. Үй иесі мен оның танысы алған жарақаттарынан қайтыс болып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Ал 10 тамызда қанды қылымсықа қатысты екі күдіктінің ұсталғаны белгілі болды. 

Талқылау