Арыс тұрғындары денесіне бөртпе шығып жатқанын айтып даурығуда

24 маусымнан 12 шілдеге дейін Арыста жалпы саны 17 адам қайтыс болды. Әкімдік растаған бұл тізімге екі әскери мен үшінші тұрғын қосылмаған. Бұлармен қоса 18 жастағы сап-сау жүрген жігіт ауырып-сырқамастан көз жұмды. 

Арыс тұрғындары денесіне бөртпе шығып жатқанын айтып даурығуда

Кей тұрғындар сап-сау жүрген адамдардың өмірден кетіп жатқаны тегін емес деп топшылайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда ресми билік қалада радиация жоқ деп нақты мәлімдеп отыр. Жарылыстан кейін алғаш Арысқа келген көпшіліктің денесінде қызыл дақтар пайда болған. 

Тұрғындар аптап ыстыққы шыдаймай суға түскенде денесін бөртіп, қызыл дақтар пайда болғанын айтады. Кейбірі жағымсыз иіс сезген. 

"Суға шомылған соң денем бөртіп кетті. Ертесі жұмыстатарым да солай болғанын айтты", - дейді тұрғын. 

Тұрғын Сейілхан Шонжанның айтуынша, шенділер бұл туралы естігенде "Біз де осында жүрміз, ешқандай бөртпе шыққан жоқ" деп жауап берген. Тіпті бұл сауалымды мазақ етті деп кейіді. 

Ал, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері бірді-екілі бөртпе шыққан азаматтар болмаса, жаппай бөртпе шығып жатыр деген ақпараттың тіркелмегенін айтты. Бұған алаңдауға негіз жоқ деп отыр. 

"Бұл мені де алаңдатып отыр": Арыс әкімі жарылыстан кейін 21 адамның көз жұмуы туралы >>>
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр