Әріптестерін пышақтаған жамбылдық лауазымды полицей қолға түсті
Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің жедел қызметі әріптестерін пышақтаған лауазымды полицейді қолға түсірді. Бұл туралы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Stan.kz-ке хабарлады.
“Қазіргі уақытта қолға түскен азамат Бас прокуратура арнайы қызметінің жетекшісіне табысталды. Алдағы уақытта бұлтартпау шаралары жүргізіледі”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, 10 тамыз күні түнгі уақытта бұрынғы полиция қызметкрі Жетпісбаев пен Жамбыл облыстық ІІД басқармасының басшылары Үмбетәлиев пен Жетпісбаевтың пышақтасып қалғанын хабарлаған еді. Ішімдік ішкеннен кейін, заң қызметкерлері арасында кикілжің туған. Одан кейін Үмбетәлиев Жетпісбаев пен Бектұрғановқа пышақ жарақатын салған.
Жіберіп алмаңыз:
Қызылордада 5 баласы бар әжей “Қарттар үйін” паналап отыр
Алматылық кәсіпкер орманда тұрған отбасыны жатақханаға орналастырды
Алматылық әйел күніне 100-ге жуық мұқтаж жанды тегін тамақтандырады
Талқылау