Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Мейрамбек Беспаевты туған күнімен құттықтауда

Халқымыздың ең сүйікті әншілерінің бірі Мейрамбек Беспаев бүгін 40 жасқа толды. Орда бұзар шақтан өтіп, қырықтың қырқасына шыққан әншіні сахналас-әріптестері жарыса құттықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

маке

Заманауи “дәстүр” бойынша Мейрамбек өзін-өзі туған күнімен құттықтады.

Сахналас-досы, әнші Сәкен Майғазиев Мейрамбекке мынадай өлең жолдарын арнады:

«Досым, досым, досым,

Қырығың құтты болсын!
Досым, Мейрам досым,
Үйіңе қыдыр қонсын».

маке саке

Майғазиев тілегін: «Алты Алашты сезімге толы әндеріңмен әлдилей бер, ақ Мирош», – деп тәмамдады. Сол сияқты ақын Серікзат Дүйсенғазы Мейрамбекке деген ақ тілегін жырмен көмкерді:

«Ал досым, құтты болсын келген қырық,
Құдайым саған бәрін берген біліп.
Ойыңда қазағыңның ұлы өнері,
Бойыңда тектілік пен көргенділік.
Тілегім ұрпағыңның қызығын көр,
Адамның көңілінде сөнген бе үміт?
Жүрегің “Бозторғай” деп ән сап тұрсын,
Тоқсанды қарсы алғанда төрден күліп!» –

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова:

“Бүгін жүрегі ән деп соққан Мейрамбекжан да қырыққа толып жатыр екен, құттықтаймыз! Халықтың өзіңе деген маxаббаты, берген баталары өзіңді жүз жасқа жеткізсін, отбасыңда тек жақсылық болсын!” – деп тілек білдірді.

маке маке

Әнші Айгүл Елшібаева Мейрамбектің 18 жасқа толған туған күнінен естелік жазды.

Screenshot_4

 «Бұл, 1994-тің күзі еді. Осыдан 22 жыл бұрын болған Мейрамбектің туған күнінен естелік. Сурет, пото, сүгірет, кəртішке. Мейрамбек бұлар төрде отырды. Төбелерінде мақтамен жазылған 18-жас деген жазу болатын. Ардақ «Тырналар» əнін, мен бір термемді арнап, Алма Кененнің «Базар-Назарын» айтты. Графинде «Юпи» сүйікті сусынымыз болатын. Колбасада «халал» деген жазу болмайтын. Туған күн жақсы өтті. О кезде түбiт мұрттары тебiндеп келе жатқан, қазаққа танымал достарым карашада 18 жасын тойлаған едi. Алматыда студенттiк өмiрiмiздегі қыз болып, тұңғыш “вечерге” барган едiк. Ұлан асыр той болмаса да, кеуілде тамаша туған кун болды. Сəбит пен Жанатбек тамада болган, квартираға сыятын асыр-тасыр той болды. Айгүл Иманбаева қонак болып, бiреудiн қасында отырды ма, есiмде жок. Олар суреттегi қазiр бiрi мал баққан, ит ұстап, құс жүгiрткен фермер-əншi Тоқтар Серіков, 2-шiсi ауеской кептершi-əншi, хәм билиардшы, xәм футболшы Мейрамбек Беспаев едi. Биыл 22 жыл толыпты, көңiл деген қартаймайтын көк дөненге мiнiп, тарта берiндер. Менiң кеуiлiме осы бейнелерiн жақын. Туған куніңмен Мейрамбек.”Кеуіл сол қалпында, еш өзгеріссіз. 40-тың қырқасына шығып, елуді еңсеріп, алпысты алқымдап, жетпістің желкесіне мініп, сексенде селкілдеген шал болып, тоқсанда тоңқалаң аспай, жүзге жеткенде, 99 жасымда жаназаңа барсам арман жоқ шығар. Мейрамбек Беспаев, бірақ сенің түрің жаман, 120-ға келетін сияқтысың», – деп жазды.

Белгілі композитор әрі продюсер, Мейрамбек пен “МұзАрт” тобының орындауындағы бірталай әндердің авторы Ұлықпан Жолдасов өзгелерден ерекшеленіп, видео-құттықтау жолдады.

 

Жіберіп алмаңыз: 

Түсіпбаева: Кейбір дизайнерлер сымбатты әйелдерді көре алмайды

Әлішер Кәрімов өзін ваннада кімнің суретке түсіргенін айтып берді

Жанар Айжанова: Кешеден бері Тұңғышбай ағадан ұялып жүрмін

ОҚО-да Қайрат Нұртас мүгедек балаларға тосынсый жасады (видео)

Талқылау