Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері Баян Алагөзованы туған күнімен жарыса құттықтады

Баян Мақсатқызы жыл сайын меншікті мерекесін шетелде атап өтуді әдетке айналдырған. Биыл 44 жасқа қадам басқан атышулы продюсер бұл әдетінен жаңылған жоқ. Ол отбасымен және командасымен бірге кезекті жасын Таиланд елінде атап өтуде, деп хабарлайды Stan.kz.

Баян Алагөзованы алғашқылардың бірі болып күйеуі Тұрсынғали Алагөзов пен қызы Айару құттықтады. Сондай-ақ, сіңлісі Бағым, КешYou тобы мен Айгүл Иманбаева Таиландта продюсердің мерекесіне ортақтасуда.

Ал елде қалған әріптестері Баянды желі арқылы жарыса құттықтауда.

“Баян, туған күніңмен! Біз сені жақсы көреміз”, – деп ақ тілеген арнады Бүркіт.

“Бұл суретте 18 жастамыз… Баян Муxитденова, Мадина Балғабаева, бірінші курс студенттері. Одан бері өмірдің сан түрлі белесінен өттік, оны өмір картасынан таба алмаспыз. Туған күніңмен, жастық шағымның құрбысы. Денсаулық, табыс, үйлесімділік тілеймін, бар армандарың орындалсын. Ал өмірің тек бақытты сәттерден құралсын”, – деп құттықтады тележүргізуші Мәдина Балғабаева.

КешYou-дің бұрынғы әншісі Айдана Меденова да бұрынғы продюсерін елеусіз қалдырмады.

“Туған күніңізбен. Жақсы көремін, сыйлаймын, бағалаймын”, деп жазды ол.

“Баяночка! Әр адам сені жақыныңдай таныса ғой. Сенің қаншалықты адал, шынайы әрі көңілге тез қабылдайтын жан екеніңді білсе… Айналаңда тек бейбітшілік болсын! Еңбегің лайықты түрде бағалансын, алға қарай ұмтылу үшін рухани мықты болуыңды тілеймін. Денсаулығың мықты болсын, ең ізгі деген армандарың жаңа жасыңда орындалсын. Сені жақсы көремін”, – деп жүрекжарды лебізін білдірді тележүргізуші Динара Сәтжан.

 

Ал жолдасы Тұрсынғали Алагөзов:

“Көп сөздің қажеті жоқ, тек менің көзіме қарашы! Туған күніңмен, махаббатым менің”, – деп қысқа қайырды.

Жіберіп алмаңыз:

Журналист Баянның фильмі жайында: Киемен ойнауға болмайтынын, киенің ұратынын ойлау керек еді

Алматылықтар Данэлия Төлешованы сыйлықтың “астында” қалдырды (фото)

Қазақ әнін шырқаған әйгілі Шахзода тыңдармандарды сүйсіндірді (видео)

Отандық әншінің 10 жыл бұрынғы суреті жұртты шошытты

 

Талқылау