Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әріптестері әскер Досбол Сапардың қалай қаза тапқанын айтып берді

Кеше Оңтүстік Қазақстанда Ақтөбедегі теракт кезінде қаза тапқан 19 жастағы әскерді жер қойнына тапсырды. Қарақшылар әскери бөлімге шабуыл жасаған кезде Досбол Сапар әріптесімен бірге гвардия аумағын күзетіп тұрған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

news1465291782

Алған ауыр жарақаттан әскери сол жерде қайтыс болған. Оның денесі арнайы рейспен туған жеріне жеткізіліп, марқұммен қоштасуға жүздеген адам келді.

Бір тәуліктен бері Досбол Сапардың үйін жедел жәрдем күзетіп тұр. Өз-өзін әрең ұстаған анасы біресе есін жинап, қайта жоғалтады. Әкесі де аяққа әзер тұр.

“Бізге қайғылы хабарды айтқан кезде біз Досболдың әкесімен бірге сыртта жұмыста жүргенбіз. Анам бірден есінен танып, әкем де есеңгіреп қалды. Досбол үнемі өзін жақсы сезініп, бәрі дұрыс екенін айтатын. Енді теракт оның өмірін жалмады”, – дейді ағасы Айдарбек Сапар.

Жерлеуге бүкіл ауыл жиналды. Әр сөзін әрең жеткізген облыс әкімі оның бала күйінде өмірден өткенін айтты. Барлығы мықты ұлды тәрбиелеп шығарған ата-анасына да алғыс айтты. Өз жауынгерін соңына дейін шығарып салу үшін генералдың өзі қолға күрек алды.

Досбол туыстарымен, достарымен өткен жылдың күзінде кездескен. Ол осы жылдың күзінде үйге оралуы тиіс еді. Алайда, өкінішке орай ол үйіне ерте, бірақ үлкемен қайғымен келді.

“Бір апта бұрын телефонмен сөйлескенмін. Бәрі жақсы болды. Ондай жағдайды ешкім күтпеген. Ұлым спортты жақсы көретін, сол себепті үйге келгесін дене шынықтыру саласына баруға дайындалған”, – деді әкесі Еркінбек Әбдіқадыров.

Әскери бөлімге шабуыл жасалған күні Досбол алдыңғы шепте тұрған. Онымен бірге тағы екі әскери өмірімен қош айтысты.

“Қатардағы жауынгер Досбол Сапар сол күні әскери бөлім аумағын күзетіп тұрған. Ол және басқалар арнайы броножилет киіп, қарумен жарақтанған. Терроршылар кіріп келіп оқ атқан кезде, оқ Досболдың бетіне және аяғына тиген”, – дейді ҚР Ұлттық гвардиясы батыс аймақтық басқармасының басшысы Әлішер Әбдірасыл.

Билік қайтыс болған әскеридің отбасына 5 миллион теңге бөлмек. Шенеуніктер әскериді мәңгі есте қалдыру үшін жұмыстар істемек. Алдағы уақытта өзі оқыған мектеп немесе көше оның атымен аталуы мүмкін.

Ал қазір Ақтөбе ауруханасында дәрігерлер тағы бір оңтүстік қазақстандық 22 жастағы Сырым Сүндетовтың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Оған оқ тиіп және пышақ жарақаты түскен. Жігіттің жағдайы түзеліп, ауылға келгеннен кейін әкімдік оған да барынша көмек көрсетуге дайын отыр. Әскери бөлімде қызмет еткен Берік Қалиев те қарақшылардың оқыс шабуылынан қайтыс болды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед лаңкестер қолынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына барып, көңіл айтты.

Бұған дейін Ақтөбеде жазықсыз көз жұмған жандар туралы да жазған едік. Сондай-ақ, кеше Алматы облысында тағы бір қаза тапқан әскери жерленді.

Талқылау