AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Амангелді Сейітханның әріптестері оның орындалмаған арманы жайлы айтты

Бірер күн бұрын бақилыққа аттанған Амангелді Сейітхан футбол жаттықтырушысы болуды армандапты. Бұл туралы марқұм спорт комментаторының әріптесі, журналист Есей Жеңісұлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап. 

"Мен футбол жаттықтырушысы болсам" деген арманы бар еді. Былай қарасаңыз, утопия сияқты көрінеді. Бірақ қазақтың балаларын алып, намысқой жігіттерді тәрбиелеп шығатын еді.

-  Бізде бапкерлердің көпшілігі физикалық дайындығына мән бермейді, сөйтіп біздің футболшылар 60-70 минутта өкпелері өшіп, жатып қалады. Ал мен 120 емес, 150 минут ойнайтын жігіттерді дайындап шығып, оған ұлттық намысты қосып жіберсем, біздің жігіттер ешкімді теңестірмейтін еді, деп сондай арманын айтып отыратын. Ол арманына да жете алмай кетті", – дейді Есей Жеңісұлы.

ҚФФ баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен де әріптесіне қатысты естелігімен бөлісті. Ол жігерсіз жеңілген спортшыларды көргенде Амангелді Сейітханның "қаны қайнап" кететінін айтты.

"Спорт деген енді бір сиқыр ғой, шынын айтқанда. Мынау жасыл алаңда жігерсіз, намыссыз ойнап жүрген футболшыны көрсе немесе қолда тұрған жеңісті бере салған боксшы, палуанды көрсе, қаны қайнап, қызуқанды боп мақала жазып, әлеуметтік желіде пікірін айтып, аямай сыбап та алатын", – дейді ол.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Қайрат Нұрдәулетовтің айтуынша, Амангелді Сейітхан ауылдық жерде футболды дамытқысы келген. 

"Қазақтарды көбейтейік, қазақ балалар көбірек ойнасын. Ауылдық жердегі балаларға көп көңіл бөлейік, сол жаққа барып көріңдер. Сол  жақты көрейік, көтерейік", – деген сөздерді айтататын. Сондықтан Аман ағаның аманаты шығар бұл тастап кеткен. Ауылдық жердегі балаларды көбейтіп, соларды баулу", – дейді бапкер.

Айта кетейік, Амангелді Сейітхан коронавирустан көз жұмды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр