"Арыңыз қалай жібереді?!": Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа киемін деп сынға қалды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал актриса, кинопродюсер Жұлдыз Әбдікәрімова қысқа киемін деп сынға ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса желідегі парақшасында қысқа белдемше киіп, гүл көтеріп жүрген видеосын жариялаған. Желі қолданушылары талқылай жөнелді.
"Осылай қысқа киінуге арыңыз қалай жібереді?", "Еп-ерсі енді осы жерің. Төрт баланың анасысың ғой, етегіңді ұзартсаңшы", "Кішкене ұят сияқты, артты ашып жүрген. Негізі қарапайым болған жақсы сияқты", – деп жазды желі қолданушылар.
-
"Шақыратын жігіт те жоқ": Қайрат Нұртастың әйелі көшеде оқыс оқиғаға тап болды
-
"Гүл мен сыйлық қайда?!": Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтады
Қайрат Нұртастың әйелі жұрттың бұл сынын назардан тыс қалдырмай, бірден жауап берді.
"Ар деген ұғымның пәлсапасын киім үлгісімен өлшеcеңіз, қиын болыпты. Төрт бала тудым деп өз-өзіме үкім шығаратын ол – мен емес. Адамның қарапайымдығын киімге қарап өлшейсіз бе? Қандай көп едіңіздер. Әжептәуір тістен бастаған әңгімемді мына жақтағылар төмен түсіріп жіберіпті. Белден төмен тақырыпқа жоламайық. Әйтпесе шынымен де ұят болады!" – деп жазды актриса.
Еске салайық, Қайрат Нұртас әйелімен бірге Дубайдан сәлем жолдаған еді.

22 жастағы қазақстандық қыздан асқынған сатыдағы қатерлі ісік анықталды: Ол диагнозды жүкті кезінде білген
